Грациано Пелле (; 15 шілде 1985 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/29594, Сан-Чезарио-ди-Лечче, Италия) — италиялық футболшы, шабуылшы, 2016 жылы Еуропа чемпионатына қатысқан.

Карьерасы Карьерасында Италия, Нидерланд, Англия, Қытай клубтарында ойнады.

2014 жылы 4 қазанда Италия құрамасының бапкері Антонио Конте құрама жаттығу жиындарына шақырды. 13 қазанда Мальтамен ойында тұңғыш рет алаңға шығып, ойын тағдырын шешкен жалғыз голды соқты.

2016 жылғы Еуропа чемпионатында екі гол соқты.

2016 жылы 6 қазанда Испаниямен ойында алаңнан шығып бара жатып, бас бапкер Джампьеро Вентуренің қолын алудан бас тартты, сол себепті қайта құрама ойындарына шақырылмады.

Жетістіктері

АЗ

Нидерланд чемпионы: 2008/09

Дереккөздер

Сілтемелер

Профилі (worldfootball.net сайтында)

Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Лечче ФК ойыншылары Санат:Катания ФК ойыншылары Санат:Кротоне ФК ойыншылары Санат:АЗ Алкмаар ФК ойыншылары Санат:Парма ФК ойыншылары Санат:Чезена ФК ойыншылары Санат:Сампдория ФК ойыншылары Санат:Фейеноорд ФК ойыншылары Санат:Саутгемптон ФК ойыншылары Санат:Шаньдун Лунэн ФК ойыншылары