Отан соғысы ордені () — КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының «I және II дәрежелі Отан соғысы орденін белгілеу туралы» 1942 жылғы 20 мамырдағы Жарлығымен белгіленген КСРО ордені.
Кейіннен КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 19 маусымдағы Жарлығымен орденнің сипаттамасына, ал орден ережесінде - КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1947 жылғы 16 желтоқсандағы Жарлығымен кейбір өзгерістер енгізілді.
Соғыс кезінде 324 903 адам 1-дәрежелі, 951 652 адам 2-дәрежелі орденмен марапатталды. Жалпы 1985 жылға дейін 344 мыңнан астам адам І дәрежелі, 28 мыңға жуық адам II дәрежелі орденмен марапатталды.
Жеңістің 40 жылдығына орай КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1985 жылғы 11 наурыздағы Жарлығымен мыналар марапатталды: I дәрежелі орденмен - шамамен 2 миллион 54 мың адам, I дәрежелі орденмен - шамамен 5 миллион 408 мың адам.
Орден марапаттарының жалпы саны: I дәрежелі – 2 646 320, II дәрежелі – 6 715 100.
Орден тарихы Отан соғысы ордені — Ұлы Отан соғысындағы алғашқы кеңестік марапат. Бұл сондай-ақ дәрежелерге бөлінген алғашқы кеңестік орден болды. 1977 жылы отбасыда қалдыру тәртібі қалған ордендер мен медалдарда таралғанға дейін марапатталушы қайтыс болған соң отбасына естелік ретінде берілген бірнеше кеңестік ордендердің бірі (Қазан төңкерісі, «Батыр-ана», I, II, III дәрежелі Ана даңқы ордендерімен бірге; қалған ордендер мемлекетке қайтарылуға тиіс болды).
1942 жылы 10 сәуірде И. В. Сталин ЖШҚӘ тыл басшысы, интенданттық қызмет генерал-лейтенанты А. В. Хрулевке фашистермен шайқаста ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерді марапаттау туралы орденнің жобасын әзірлеуді және ұсынуды тапсырды. Бастапқыда, орден «Әскери ерлігі үшін» деп аталу керек еді. Орден жобасын әзірлеуге суретшілер Сергей Иванович Дмитриев («Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдары мен «Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскеріне ХХ жыл» мерекелік медалінің жобаларының авторы) және Александр Иванович Кузнецов жұмылдырылды. Екі күннің ішінде алғашқы нобайлар пайда болды, осылардан металдан сынақ көшірмелерін жасау үшін бірнеше жұмыс таңдалды. 1942 жылы 18 сәуірде үлгілер бекітуге ұсынылды. Болашақ марапатқа негіз ретінде А. И. Кузнецовтың жобасын пайдалану туралы шешім қабылданды, ал белгідегі «Отан соғысы» деген жазудың идеясы С. И. Дмитриевтің жобасынан алынды.
Орденді тағу, лентаның түсі және оны марапаттау жолағында орналастыру ережелері «КСРО ордендері мен медалдарына арналған таспалардың үлгілері мен сипаттамаларын және ордендерді, медалдарды, орден таспаларын тағу ережесін бекіту туралы» 1943 жылғы 19 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының қаулысымен бекітілді.
Ұрыста ерекше көзге түскен сарбаздар мен қолбасшыларды жедел марапаттау мақсатында Отан соғысы орденін тапсыру құқығы әскери қолбасшылыққа – майдан және флот қолбасшыларынан бастап, корпус қолбасшыларына дейін берілді. Орденмен марапаттау көбінесе ерлік жасағаннан кейін ұрыс жағдайында өтті.
I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапаттау туралы КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының алғашқы жарлықтары 1942 жылы 2 маусымда шықты. Ордендердің алғашқы иегерлері кеңес артиллеристері болды. Орден жарғысында I дәрежелі орден жаудың 1 ауыр (немесе орташа) немесе 2 жеңіл танкін (құрышты машинасын) артиллериялық атыспен жеке өзі жойған немесе қару есептобының құрамында 2 ауыр (немесе орташа) танкі немесе 3 жеңіл танкі (құрышты машинасын) жойған кез келген адамға беріледі делінген. Бірақ 32-гвардиялық полктің артиллеристері Харьков бағытындағы ұрыстарда капитан И. И. Криклий бастаған Оңтүстік-Батыс майданындағы 28-армиясы 13-гвардиялық атқыштар дивизиясының 42-гвардиялық атқыштар полкінің қапталын жауып, белгіленген мөлшерден асып түсті. 1942 жылы мамырда 200 фашист танкі кеңес бекіністеріне қарай жылжыған кезде артиллеристер мен құрыш бұзушылар оларды абыроймен қарсы алып, жауды дәл соққылап, айтарлықтай шығынға ұшыратты. Екі күндік үздіксіз ұрыс кезінде капитан Криклий басқарған 32-гвардиялық артиллериялық полкінің 1-артиллериялық дивизионы жаудың 32 танкісін жойдыДуров В. А. Русские и советские боевые награды. — Москва: Внешторгиздат, 1990 — С.79.. Капитан И.И. Криклий фашистердің 5 машинасын жеке өзі атып түсірді, бірақ ауыр жараланып, тылға көшірілді. 1942 жылы 16 мамырда капитан Криклий алған жарақатынан қайтыс болды. Жауынгерлік атқыштоптың бірнеше мүшесі қаза тапқанда, аға сержант А. В. Смирнов оның снаряд сынығы қолының білезігін жұлып кетсе де атуды жалғастырды.
Капитан Иван Ильич Криклий I дәрежелі Отан соғысы орденінің бірінші иегері атанды, алайда № 312368 орденінің өзі тек 1971 жылы ғана оның отбасына берілді. Дәл осындай марапат аға сержант Алексей Васильевич Смирнов пен көршілес дивизиондағы 776-артиллериялық полкінің саяси жетекшісі Иван Константинович Стаценко берілді.
Артиллериялық атқыштоптың қалған жауынгерлері — қызыл әскерші Григорьев Николай Ильич, Кулинец Алексей Иванович, Петрош Иван Полехтович, аға сержант Жарков Степан Трифонович, сержанттар Немфир Михаил Григорьевич және Нестеренко Петр Васильевич — II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.
№1 I дәрежелі Отан соғысы орденімен 1942 жылы Ржев түбіндегі шайқастарда көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін 52-атқыштар дивизиясының аға саяси жетекшісі, саяси бөлім басшысының орынбасары Василий Павлович Конюховтың қайтыс болғаннан кейін марапатталғанның ордені отбасына берілді (Батыс майданы әскерлеріне «Жеке құрамды марапаттау туралы» 1943 жылғы 24 қаңтардағы № 072 бұйрығы).
№1 II дәрежелі Отан соғысы орденімен 155-танк бригадасы штабы басшысының барлау жөніндегі орынбасары аға лейтенант Павел Алексеевич Ражкин қайтыс болғаннан кейін марапатталды (1943 жылғы 5 сәуірдегі 3-армияның әскерлеріне қатысты № 22/н бұйрығы).
I дәрежелі Отан соғысы орденінің тарихында бұл марапат бір ғана әскери операцияның барлық қатысушыларына тапсырылған жағдайлар өте сирек кездеседі. Бұл құрметті бірінші болып 1942 жылы 5 шілдеде Баренц теңізінде жаудың ең ірі «Тирпиц» линкорына шабуыл жасаған «К-21» сүңгуір қайықтың экипаж мүшелері алды.
Сондай-ақ I дәрежелі Отан соғысы орденімен 1943 жылдың қаңтарында Северский Донец өзені маңындағы екі күндік шайқасқа қатысушылардың барлығы – лейтенант А.Атаев басқаратын шабуылдаушы топтың 30 жауынгері (112-башқұрт атты әскері дивизиясының 294-атты әскер полкі) марапатталды.
Отан соғысы орденімен әскери бөлімдер мен құрамалар, әскери оқу орындары мен қорғаныс зауыттары марапатталды. I дәрежелі Отан соғысы орденімен көптеген қалалар да марапатталды: Новороссийск, Смоленск (1966), Керіш, Тихвин (1974), Воронеж (1975), Наро-Фоминск (1976), Луга (1977), Ржев (1978), Орел, Курск, Белгород, Сочи, Кисловодск, Могилев (1980), Ельня, Корсунь-Шевченковский, Ломоносов, Туапсе (1981), Мурманск, Дондағы Ростов, Серпухов, Кефе (1982), Великие Луки, Дятьково (1983), Кандалакша, Кингисепп, Кишинёв, Орша, Старая Русса, Таллин (1984), Волоколамск, Борисов, Изюм, Можайск, Налшық, Тирасполь, Шяуляй (1985).
Сондай-ақ 1969 жылы Словакияның Склабинья ауылы Отан соғысы орденімен марапатталды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1947 жылғы 15 қазандағы Жарлығымен азаматтық тұлғаларды орденмен марапаттауға ұсынуға тоқталғандығы белгіленді, өйткені бұл орден жарғысына сәйкес келмейді.
Соғыстан кейін Отан соғысы орденімен ұрыстарда қандай да бір себептермен тағайындалған марапаттарын ала алмаған он мыңдаған жараланған жауынгерлер марапатталды.
1977 жылдың мамыр айына дейінгі кезеңде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде антифашистік күреске қатысқан — 700-ге жуық шетел азаматтары Отан соғысы орденімен марапатталдыСимвол воинской доблести // «Смена», 13 мая 1977 г..
Орден жарғысы Отан соғысы орденімен Қызыл Әскер, Әскери-теңіз флоты, ІІХК әскерлері мен партизан жасақтарының Кеңес Отаны үшін шайқастарда батылдық, табандылық және ержүректілік көрсеткен жауынгерлер мен қолбасшылық құрам, сондай-ақ іс-әрекеттері әскерлердің ұрыс қимылдарының сәтті өтуіне үлес қосқан әскери қызметкерлер марапатталады. Отан соғысы орденімен марапаттау КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының Жарлығымен жүзеге асырылады. Отан соғысы ордені екі дәрежеден тұрады: I және II дәрежелі. Орденнің ең жоғарғы дәрежесі - I дәреже. Марапатталушының марапаттау дәрежесі КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының Жарлығымен белгіленеді.
Кеңестік марапаттар жүйесінің тарихында тұңғыш рет орден жарғысында еңбегі сіңген тұлғаны марапатқа ұсынуға болатын нақты ерліктер тізімделді.
I дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталады Жау тылында ерекше маңызды нысанды дәл соғып, жойған;
Ленин орденімен марапатталған штурман немесе ұшқыш жауынгерлік тапсырма кезінде ұшақ экипажында өз міндеттерін ерлікпен орындаған;
Кімде-кім экипаж құрамына кіріп, әуе шайқасында осынша ұшақ атып түсірсе: ауыр-бомбалаушы авиация — 4 ұшақ; шалғай-бомбалаушы авиация — 5 ұшақ; жақыннан-бомбалаушы авиация — 7 ұшақ; шабуылдаушы авиация — 3 ұшақ;
Кімде-кім экипаж құрамына кіріп, мынадай әрекет жасаса: ауыр-бомбалаушы авиация — 20 сәтті жауынгерлік тапсырмамен ұшса; шалғай-бомбалаушы авиация — 25 сәтті жауынгерлік тапсырмамен ұшса; жақыннан-бомбалаушы авиация — 30 сәтті жауынгерлік тапсырмамен ұшса; шабуылдаушы авиация — 25 сәтті жауынгерлік тапсырмамен ұшса; жойғыш авиация — 60 сәтті жауынгерлік тапсырмамен ұшса; шалғай-барлаушы авиация — 25 сәтті жауынгерлік тапсырмамен ұшса; жақыннан-барлаушы авиация — 30 сәтті жауынгерлік тапсырмамен ұшса; түзетуші авиация — 15 сәтті жауынгерлік тапсырмамен ұшса; байланыс авиациясы — 60 сәтті жауынгерлік тапсырмамен ұшып, өзінің аумағына қондырса және 30 сәтті жауынгерлік тапсырмамен ұшып, қарсылас басып алған аумақтағы өзінің әскерлері орналасқан жерде қондырса; тасымалдаушы авиация — 60 сәтті жауынгерлік тапсырмамен ұшып, өзінің аумағына қондырса және 15 сәтті жауынгерлік тапсырмамен ұшып, қарсылас басып алған аумақтағы өзінің әскерлері орналасқан жерде қондырса;
Кімде-кім авиациялық бөлімшелерді нақты және үздіксіз басқаруды ұйымдастырса;
Кімде-кім штабтың нақты және жүйелі жұмысын ұйымдастырса;
Кімде-кім қарсыластың аумағына апатты түрде қонғануға мәжбүр болып, зақымданған ұшақты жөндеп, қайтадан әуеге ұшырса;
Кімде-кім қарсылас оғының астында алдыңғы әуеайлақта кем дегенде 10 ұшақты қалпына келтіре алса;
Кімде-кім қарсылас оғының астында әуеайлақтан барлық керек-жарақтарды шығара алып, және оны миналап, қарсыластың ол жерге қонуына жол бермесе;
Кімде-кім қарсыластың 2 ауыр немесе орташа, не болмаса, 3 жеңіл танкін (құрышты машинасын) немесе атқыштар есептабының құрамында - қарсыластың 3 ауыр немесе орташа, не болмаса, 5 жеңіл танкін (құрышты машинасын) жеке өзі жойса;
Кімде-кім артиллериялық атыспен қарсыластың кемінде 5 батареясын талқандаса;
Кімде-кім артиллериялық атыспен қарсыластың кем дегенде 3 ұшағын жойса;
Кімде-кім танк экипажының құрамында қарсыластың атыс қаруы мен адам күшін жою бойынша 3 жауынгерлік тапсырманы сәтті орындаса немесе ұрыста жаудың кемінде 4 танкісін, не болмаса, 4 қаруын жойса;
Кімде-кім қарсылас оғының астында қарсылас зақымдаған кемінде 3 танкті ұрыс даласынан шығарса;
Кімде-кім қауіпті елемей, бірінші болып қарсыластың АТАН (ҰМАН, жертаса немесе блиндаж) кіріп, оның гарнизонын жойып және әскерлерге бұл шепті тез басып алуға мүмкіндік берсе;
Кімде-кім қарсылас оғының астында көпір жасап, жау қиратқан өткелді жөндесе; қарсылас оғының астында, қолбасшылықтың бұйрығымен жау қозғалысын кешіктіру үшін көпірді немесе өткелді жеке өзі жарып жіберсе;
Кімде-кім қарсылас оғының астында техникалық немесе жеке байланыстарды орнатып, жау жойған техникалық байланыс құралдарын жөндеп, сол арқылы әскерлердің ұрыс қимылдарын бақылаудың үздіксіздігін қамтамасыз етсе;
Ұрыс кезінде өз бастамасымен мылтықты (батареяны) ашық алаңға лақтырып, алға басып келе жатқан жауға және оның техникасына оқ жаудырса;
Кімде-кім бөлікке немесе бөлімшеге қолбасшылық етіп, күші басым қарсыласын жойса;
Кімде-кім атты әскер шапқыншылығына қатысып, жау тобына кесіп кіріп, оны жойса;
Кімде-кім қарсыластың артиллериялық батареясын күшпен басып алса;
Кімде-кім жеке барлау нәтижесінде жау қорғанысының осал тұстарын анықтап, әскерлерді жау тылына шығарса;