Предгорный ауданы — 1935-1963 жылдары болған Қазақ АКСР-і мен Қазақ КСР-нің Шығыс Қазақстан облысының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік.
Тарихы Орталығы Предгорное ауылы болған Предгорный ауданы 1935 жылы 9 қаңтарда Белағаш және Киров аудандарының бөліктерінен құрылды (1935 жылы 31 қаңтарда БОАК бекітті)Справочник по административно-территориальному делению Казахстана (август 1920 г. — декабрь 1936 г.), А.-А., 1956, с. 226.. Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1935 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен оның құрамына 17 ауылдық кеңес кірді: Азов, Барашков, Берёзов, Бородин, Глубоков, Ебітей, Зевакин, Краснояр, Қызыл, Левобережный, Митрофанов, Пролетар, Таврический, Тройницк, Үбі Форпост, ҮбіЦентральный государственный архив Республики Казахстан, ф. 544, оп. 1б, д. 220, л. 88..
1939 жылғы 16 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен ауылдық кеңестер жаңадан құрылған Таврия ауданына: Бородин, Қызыл, Левобережный, Митрофанов, Пролетар, Тройницк, Төлентай және Өскемен ауылдық кеңестері берілдіГосударственный архив Восточно-Казахстанской области, ф. 752, оп. 2, д. 147, л. 1..
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1960 жылғы 16 ақпандағы жарлығымен Жоғарғы Үбі ауылдық кеңесі Шемонаиха ауданынан берілдіЦентральный государственный архив Республики Казахстан, ф. 1109, оп. 5, д. 787, л. 193..
Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1961 жылғы 14 маусымдағы шешімімен Краснояр және Берёзов ауылдық кеңестері Краснояр ауылдық кеңесіне біріктірілдіВедомости Верховного Совета Казахской ССР, 1961, №39..
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1963 жылғы 2 қаңтардағы жарлығымен Предгорный ауданы таратылды. Оның аумағы Шемонаиха ауылдық (Жоғарғы Үбі, Зевакин, Краснояр және Үбі ауылдық кеңестері) мен Глубокое өнеркәсіптік (Жоғарғы Берёзовка, Глубокое және Первомай кенттері) аудандарының құрамына кірдіСписок районов, упразднённых в связи с укрупнением сельских и образованием промышленных районов (декабрь 1962 г. — февраль 1963 г.). М., 1964..
Сілтеме Предгорный ауданы. Әкімшілік-аумақтық өзгерістер
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның таратылған аудандары