‎ Сазды бөгені — Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км жерде, Сазды өзенінің бойында орналасқан.

Гидрологиялық сипаты Аумағы 2,4 км2, су көлемі 6 млн./м3. Ұзындығы 2 км-дей, енді жері 1,6 км. Бөген суы Ақтөбе қаласының батысындағы орман шаруашылығын және қосалқы шаруашылық кәсіпорындарды сумен қамтамасыз етуге байланысты салынғын. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ақтөбе облысы гидрографиясы