Mars Reconnaissance Orbiter — 2005 жылы Марсқа ұшырылған және бүгінгі күнге шейін істеп тұрған америкалық ғарыш кемесі.

Аппараттың негізгі миссиялары Марстың климатын мұқият зерттеу және картографиясын жетілдіру болды. Сонымен қатар ол Марс бетіндегі аппараттармен байланыс нығайтуға жұмсалды.

2007 жылы Phoenix аппаратының, 2012 жылы Curiosity роверінің, 2018 жылы InSight модулінің және 2021 жылы Perseverance роверінің қону аймақтарын таңдауында Mars Reconnaissance Orbiter басты үлес қосқан.

Құрылғылары Аппараттың негізгі құрылғыларына үш камера, екі спектрометр және радар жатады. Сондай-ақ бортында болашақ миссияларда қолдануға арналған үш эксперименталды құрылғы бар.

нобай|солға|150px|HiRISE камерасы HiRISE камерасы High Resolution Imaging Science Experiment камерасында диаметрі 0,5 м телескоп-рефлектор бар. Камераның ажыратымдылығы 1 микрорадианды құрайды, яғни 300 шақырым биіктіктен Марс бетінен 30 см-лік тас-бөлшектерді ажыратуға болады (1 пиксельге 0,3 м).

Бірінші суреті 2006 жылдың 24 наурызында жасалды.

CTX камерасы Context Camera құрылғысы Марстың үлкен аймақтарын түсіруге және оларды ұзақ мерзімді бақылауына арналған. Ажыратымдылығы 1 пиксельге 6 м құрайды.

MARCI камерасы Mars Color Imager камерасының ажыратымдылығы төмен, бірақ қамту бұрышы 180° құрайды. Ол көрінетін және ультракүлгін диапазонда Марстың жалпы картасын жасауға арнлаған.

CRISM спектрометрі нобай|150px|CRISM спектрометрі Compact Reconnaissance Imaging Spectrometer for Mars — көрінетін және инфрақызыл диапазондағы спектрометр. Марстың минералогиялық картасын жасауға арналған. 300 шақырым биіктіктен алғандағы ажыратымдылығы 1 пиксельге 18 м құрайды.

MCS спектрометрі Mars Climate Sounder спектрометрі Марс атмосферасын зерттейді, ондағы температураны, қысымды, бу мен шаң концентрациясын өлшеп тұрады.

SHARAD радары Shallow Subsurface Radar радиолокаторы Марстың полюстарындағы мұз қабаттарының құрылысын және басқа да топырақ астындағы мұз қойнауларын анықтауға арналған.

Галерея

Сілтемелер

НАСА 2006 жылғы есебі HiRISE суреттерінің каталогы

Санат:NASA Санат:Марсты зерттеу Санат:Ғарыш техникасы