Жанғали (, Җангали, جان علی) — Қасым билеушісі, ханзада (1519-1532), Қазан ханы (1532-1535). Шейхәулияр сұлтанның ұлы, Қазан ханы Шаһғалидың бауыры. Қазан тағына отырғанға дейін (1532) оны ханзада деп атаған.
1519 жылы Мәскеудің ұлы кінәзі III Василийден Қасым тағын ағасы Шаһғали Қазанға кеткеннен кейін алды. Шаһғали оралғаннан кейін де (1521) ханзада атағын сақтап қалды. 1532 жылы қазандықтардың өтінішімен Қазан тағына отырды, дегенімен шынайы билік қарашыбек Болат Шырын мен ханбике Гауһаршадтың қолында болды.
1533 жылы маусымда Ноғай биі Жүсіптің қызы Сүйімбикеге үйленді. Жанғали ханның қызын Ғабдулла Ақкүбекоғлы әйелдікке алды.
1535 жылы оны Қазан шонжарлары тақтан тайдырып, Ескі Қазанға жер аударды. Қазан кремлінде жерленген.
Санат:Қасым хандары Санат:Қазан хандары Санат:1516 жылы туғандар Санат:Тоқа Темір әулеті