Ақсу ауданы — 1938-1997 жылдары болған Қазақ КСР (1991 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы) Павлодар облысының әкімшілік бөлінісі. Орталығы - Ақсу (1993 жылға дейін - Ермак) қаласы (1961 бастап - ауыл).

Тарихы Каганович ауданы 1938 жылы 14 ақпанда Павлодар және Бесқарағай аудандары аймағының бір бөлігінен Павлодар облысының құрамында құрылды.

1951 жылғы мәліметтер бойынша ауданға 10 ауылдық кеңес: Грязнов, Ермак, Қызылжар, Құркөл, Ленин, Марков, Потанин, Сынтас, Шыған және Чкалов кірді.

1957 жылы 16 тамызда Каганович ауданы Ермак ауданы болып өзгертілді.

1992 жылы 21 ақпанда Ермак ауданы Ақсу ауданы болып өзгертілді. 1997 жылы 7 мамырда Ақсу ауданы жойылып, оның аумағы Ақсу қаласының әкімшілік басқаруына берілді.

Әкімшілік бөлінісі 1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 14 ауылдық, 1 кенттік кеңес пен 42 елді мекен болған:Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлінісі Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Алғабас ауылдық кеңесі Алғабас ауылы Алғабас Гагарин ауылдық кеңесі Евгеньевка ауылы Евгеньевка Грязнов ауылдық кеңесі Грязновка ауылы Грязновка, Дөнентаев, Евден, Қазалы, Сырлықала Еңбек ауылдық кеңесі Путь Ильича ауылы Еңбек, Путь Ильича Калинин ауылдық кеңесі Жидковка ауылы Жаңашаруа, Жданово, Жидковка, Тоқашапқан Куйбышев ауылдық кеңесі Куйбышево ауылы Жаңаауыл, Куйбышево, Тұзауыл, Юбилейное Қалқаман кенттік кеңесі Қалқаман кенті Қалқаман, Сольветка Қызылжар ауылдық кеңесі Қызылжар ауылы Барынтал, Құрымсы, Қызылжар Үштерек ауылдық кеңесі Үштерек ауылы Үштерек Парамонов ауылдық кеңесі Парамоновка ауылы Парамоновка Пограничный ауылдық кеңесі Пограничное ауылы Ескі Парамоновка, Марковка, Пограничное, Пограничник, Спутник Приозёрный ауылдық кеңесі Приозёрное ауылы Приозёрное Сынтас ауылдық кеңесі Айдакөл ауылы Айдакөл, Көктас, Қарабай, Потанино, Төртқұдық Целинный ауылдық кеңесі Құркөл ауылы Құркөл, Смағұл, Целинное Чкалов ауылдық кеңесі Жолқұдық ауылы Жаңамайдан, Жолқұдық, Қаракөл, Ребровка

Тұрғындары + Ақсу ауданының тұрғындары, адам. 1939 1959 1970 1979 1989 13 952 28 937 30 889 33 079 32 976

1939 жылғы санақ бойынша ауданның ұлттық құрамы келесідей болды: қазақтар - 65,0%, орыстар - 23,4%, украиндар - 7,2%.

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның 1997 жылы таратылған аудандары