Құран шығару, хатым түсіру () — Құранды бастан аяқ оқып, қайтыс болғандар үшін Алладан жарылқау тілеу.Бірінші сөйлемнің цитатасы Шариғат бойынша құран шығару сауапты іс болып есептеледі. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с) хадисінде Құран оқудың артықшылығына қатысты: “Құран оқыңдар. Өйткені Қиямет күні ол өз иелеріне (оны оқыған кісілерге) шапағатшы болып келеді” — десе, тағы бір сөзінде: “Алламен сөйлескісі келген адам — Құран оқысын” — делінген. Құран оқып, дүниеден өткен ата-бабасы үшін Алладан жарылқау тілеу мұсылман баласының қасиетті міндеті.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Дереккөздер
Санат:Дін Санат:Ислам Санат:Тарих