Тасқопа – Ақтөбе облысы Темір ауданындағы ауыл, Тасқопа ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шұбарқұдық кентінен оңтүстік-батысқа қарай 71 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1100 адам (542 ер адам және 558 әйел адам) болса, 2009 жылы 994 адамды (508 ер адам және 486 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 676 адамды (353 ер адам және 323 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Ауыл 1972-1996 жылдары қой өсіретін “Теректі” кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде Тасқопада және округтегі Теректі ауылында шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфақұрылымы Ауылда сегіз жылдық мектеп, дүкендер, клуб, медициналық медпункт бар.

Дереккөздер

Санат:Темір ауданы елді мекендері