AGS JH22 – Формула-1 AGS командасының 1987 жылғы чемпионатына қатысуға құрастырылған жарыс көлігі.
AGS JH22Құрастырушы, Automobiles Gonfaronnaises SportivesӨндіруші, Кристан ВандерплейнКомандаларTeam El Charro AGSЖүргізушілер Паскаль Фабр, Роберто МореноТүріЖарыс көлігі, спорттық көлікДебют 1987Жарыс саны16 Тарихы Көлік өткен жылғы модель JH21C-ның негізінде жасалынған. Қайта өңделген шассиді атмосфералық мотор Ford Cosworth DFZ-пен жабдықтандырды. Команда чемпионатта бір көлік шығарды, оның рөлінде француз Паскаль Фабр отырды. Жарысушының да, көліктің де жылдамдығы өзгешелігімен ерекшеленген жоқ, алайда берік болды. Ол алғашқы он жарыстың сегізінде мәреден өтті. Бірақ Фабр қатарынан үш рет квалификациядан өте алмағандықтан, оны бразильдік Роберто Морено алмастырды. Жарыстың соңғы маусымында оның жолы болды: көптеген жиындар мен Сеннаның дисквалификациясынан кейін, ол алтыншы орынға ұпай жинады. 1989 жылдың қыркүйегінде JH22 шассиінде ерекше цилиндр конфигурациялы, Ги Негре компаниясы шығарған MGN қозғалтқыштарына тест жүргізілді. Жарыстар Францияда “Grand Sambuc” трассасында өтті. Бірақ ол жарысқа қатысқан жоқ.
Техникалық сипаттамалары Салмағы = 520 кг, Қозғалтқыш: Ford Cosworth DFZ, 3,5 л. Шасси: көміртек талшығынан монокок Отын: Avgas Аспа (алдыңғы): итеретін штангалары бар үшбұрыш иінтірек, Koni амортизаторлары Аспа (артқы): алдыңғы сияқты Трансмиссия: Renault / Hewland DGR Шиналар: Goodyear
Санат: Жарыс көліктері Санат: Спорттық автокөліктер