В.Н. Татищев атындағы Астрахан мемлекеттік университеті () — 1932 жылы құрылған Астрахандағы жоғары оқу орны. Ресейдің оңтүстік-батысындағы білім беру, ғылыми және әлеуметтік-мәдени орталық. Бүкіләлемдік CDIO бастамасының мүшесі, Каспий аймағындағы университеттер қауымдастығының мүшесі. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Университетін құрайтын, ресейлік 16 негізгі университеттерінің құрамына кіреді.
Университет — аймақтағы ең ірі білім беру орталығы. 2018 жылы АМУ 12000-нан астам студенттер оқыды, олардың 2000-нан астамы басқа елдердің азаматтары. Университетте 70-тен астам дайындық нұсқалары бар. Лингвистикалық дайындыққа ерекше назар аударылады: кез-келген мамандықтың өкілдері оқу барысында бір немесе бірнеше шет тілін меңгереді.
2022 жылы университетке В.Н. Татищевтың есімі берілді.
Құрылымы 19 корпус; 3 институт; 18 факультет; 65 кафедра; ЮНЕСКО-ның «қоғам және әлеуметтік тұрақты дамуын оқыту» кафедрасы Знаменскідегі филиал; АМУ колледжі; «Астрахан университетінің» баспа үйі; Каспий инновациялық-технологиялық кешені.
Институттері Астрахан мемлекеттік университеті директорлар басқаратын үш институтқа бөлінеді. Әр институтқа ғылыми, ғылыми-зерттеу және оқу зертханалары мен орталықтар кіреді: физика-матиматикалық институт, жаратылыстану институты, Ресей оңтүстігі мен Каспий бойы мәселелерін зерттеу институты.
Әлеуметтік желілердегі парақтары Вконтатеде Фейсбукта Инстаграмда Одноклассникиде
Санат:Астрахан мемлекеттік университеті