Октябрь – Алматы облысы, Көксу ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы.Қазақ энциклопедиясы 7- том Аудан орталығы – Балпық би кентінен батысқа қарай 18 км жерде, Мұқыр және Мұқаншы өзендері аралығында, құрғақ дала белдемінде орналасқан. Тұрғыны 1,1 мың адам (2004). 1970 – 97 жылы 23-партсъезд атындағы қызылша өсіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде Октябрьде және округке қарасты Бозтоған, Мұқаншы ауылдарында ӨК және бірнеше шаруа қожалығы құрылды. Ішкі сілтемелер Алматы Дереккөздер

Санат:Аудандар