Металды қышқылсыздандыру — оттекпен тез қосылыс түзуге қабілетті қышқылсыздандырғыштарды (тотықсыздандырғыштар) металға қосу арқылы сұйық металдағы оттекті бөліп шығаруға негізделген, металдарды тазалаудың аса маңызды операцияларының бірі. Көміртек, кремний, алюминий ең жақсы қышқылсыздандырғыш болып табылады. Металдық қышқылсыздандырғыштар көбінесе ферроқорытпа түрінде, ал кейде кешенді қышқылсыздандырғыштар (силикомарганец, силикокальций және т.б.) ретінде енгізіледі. Металды қышқылсыздандырудың өнімдері қож түрінде металл бетіне қалқып шығады немесе газ күйінде ұшып кетеді (көміртек оксиді).Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсінідірме сөздігі. Кен ісі және металлургия. — Алматы, «Мектеп», 2003.

Дереккөздер

Санат:Металлургия