Арпаөзен – Түркістан облысы Созақ ауданындағы өзен.

Бастауы Қаратау жоталарындағы Келіншектау тауынан бастау алып, Абай ауылының маңында сіңіп кетеді. Ұзындығы 15 км.

Гидрологиясы Келіншектау жоталарындағы бұлақтардан басталып, жол-жөнекей жер астынан шығып жатқан қайнарлармен толығады. Тау арасымен құлай ағып, жазыққа шыққасын ені 3-4 метрге дейін жетеді. Жазғы, күзгі уақыттарда Абай ауылынан өте бере жазыққа сіңіп кетеді. Көктемде қардың суымен толығып, ұзындығы 25-30 шақырымға дейін жетеді. Ондай кезде Шолаққорған - Созақ тас жолынан асып өтіп, жазық далаға жайылып кетеді. Суын тұрғындар мал шаруашылығына пайдаланады.

Өзен бойынан Арпаөзен таңбалы тастарын кезіктіруге боладыhttps://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/18387/. Дереккөздер

Сілтемелер Арпаөзен петроглифтері

Санат:Созақ ауданы өзендері