Футзал (Futsal) — испан тіліндегі "futbol" және "sela" сөздерінің қысқаруынан пайда болған және "жабық алаңдағы футбол" деген мағына береді. Қазіргі уақытта FIFA-ға кіретін футбол қауымдастықтардың көпшілігі қолданады.

Футзал - доппен жабық алаңда және паркетте ойналатын футбол түрі.

Бұрын футзал (futsal) және мини-футбол (FIFA Futsal) деген екі түрлі термин қолданылып келді. Футзал мен мини-футбол арасында бірнеше айырмашылықтар бар. Футзал тек жабық алаңда және паркетте ойналады, ал мини-футбол ашық газонда да ойналады.

Әлемде аталған спорт түрін екі бөлек халықаралық федерация үйлестіреді. Олар AMF және FIFA. Мини-футбол деген атаумен белігі болған спорт қазір FIFA Futsal деп аталады. ФИФА федерациясына мүше елдердің көп болуына байланысты ФИФА мен УЕФА негізгі халықаралық турнирлерлерді, атап айтқанда Әлем Чемпионаты мен Еуропа Чемпионаты, Чемпиондар лигасын ұйымдастырады.

Елімізде Қазақстан футзал ассоциациясы ұлттық чемпионатты негізгі ұйымдастырушы ұйым болып саналады. Ассоциация 19889 жылы құрылған, бірақ әртүрлі жылдары Қазақстан футбол федерациясының аясында қызмет етті. 2022 жылдан бастап қайтадан жеке ұйым ретінде әрекет ете бастады.

Ал ұлттық құрама команданы Қазақстан футбол федерациясы үйлестіреді.

Тарихы Футзал XX ғасырдың 30 жылдары Уругвай елінде пайда болған. Монтевидеодағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Хуан Карлос Сериани ауа-райына тәуелді емес жабық кеңістікте ойнауға болатын футболдың жаңа түрін ойлап табады.

Кейін Бразилияда futebol de salão яғни залға арналған футбол деген атаумен дами бастайды. Футзалдың дамуына себепші болған факторлардың бірі тығыз қонысталған қалаларда футбол алағдарының тапшылығы болатын. Сондықтан ойыншылар залға ауыса бастайды. 1949 жылы бразилиялық Асдрубал Ду Насименто ойынның алғашқы ережелерін жасайды. 1960 жылдары Италия, Нидерланд, Испания елдерінде футзал ойнай бастады.

1965 жылы Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы құрылады (Fútbol de Salón).

1971 жылы ФИФА-ның болашақ президенті Джоао Авеланждың төрағалығымен Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) құрылады. 1974 жылы Ұлттық құрамалар арасындағы тұңғыш ойын өтіп, Италия Римде 9:2 есебімен Ливияны ұтты.

1982 жылы FIFUSA ұйымдастырған алғашқы әлем чемпионаты

1985 жылы ФИФА футзалды әлемдік футбол түрлеріне қосу туралы шешім қабылдайды.

1989 жылы FIFA футзалдан алғашқы әлем чемпионатын Нидерландыда 1989 жылдың 5-15 қаңтары аралығында өткіздіі. Бірінші турнирге 16 ел қатысты – Еуропадан 6 (Бельгия, Дания, Венгрия, Италия, Нидерланды, Испания), Оңтүстік Америкадан 3 (Аргентина, Бразилия және Парагвай), Африкадан 2 (Алжир және Зимбабве), Азиядан 2 (Жапония және Сауд Арабиясы), Солтүстік Америкадан 2 (Канада және Америка Құрама Штаттары) және 1 Океаниядан (Австралия). Бразилия турнирдңің финалында жеңіске жетті Нидерланды (2:1). АҚШ құрамасы қола медаль үшін матчта Бельгияны жеңді.

Футзалдан екінші әлем чемпионаты үш жыл 11 айдан кейін (1992 жылы 15-28 қараша) Гонконгта 16 қатысушының қатысуымен өтті – 6 Еуропадан (Нидерланды, Бельгия, Италия, Польша, Ресей және Испания), 3 Оңтүстік Америкадан (Бразилия, Аргентина және Парагвай), 3 Азиядан (қытай, Гонконг және Иран), Солтүстік Америкадан 2 (Коста-Рика, АҚШ), Африкадан 1 (Нигерия) және Океаниядан (Австралия). Бразилия финалда АҚШ-ты 4-1 есебімен жеңіп, титулды қорғады. Испания үшінші орын үшін матчта Иранды жеңіп, қола медаль жеңіп алды.

Үшінші Әлем чемпионаты Еуропада, Испанияда, 1996 жылдың 24 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында 16 команданың қатысуымен өтті – Еуропадан 6 (Бельгия, Италия, Нидерланды, Ресей, Испания және Украина), Азиядан 3 (Қытай, Иран, Малайзия), Оңтүстік Америкадан 3 (Аргентина, Бразилия және Уругвай), Солтүстік Америкадан 2 (Куба және АҚШ), Африкадан 1 (Египет) және Океаниядан 1 (Австралия). Бразилия финалда (Барселонада) турнир шеберлерін 6:4 есебімен жеңіп, қатарынан үшінші атаққа ие болды. Үшінші орын Ресейге бұйырды, ол үшінші орын үшін матчта Украинаны 3-2 есебімен жеңді.

1996 жылы ФИФА футзалға арналған төрешілердің алғашқы ресми тізімін жариялады.

Орталық Америка мемлекеті Гватемала футзалдан төртінші әлем чемпионатын өткізді (2000 жылы 18 қараша – 3 желтоқсан), оған 16 команда қатысты – Еуропадан 5 (Хорватия, Нидерланды, Португалия, Испания және Ресей), Азиядан 3 (Иран, Қазақстан және Таиланд), Солтүстік Америкадан 3 (Коста-Рика, Куба және Гватемала), 3 Оңтүстік Америкадан (Аргентина, Бразилия және Уругвай), 1 Азиядан (Египет) және 1 Океаниядан (Австралия)

Гватемалада Испания Бразилияның үстемдігін бұзып, футзалдық "Селесаоның" финалда 4-3 есебімен жеңеді. Дегенмен Бразилия негізгі уақыт аяқталуға 5 минуттан аз уақыт қалғанда 3-2 есебімен алға шықты. Нәтижесінде Бразилия турнирде керемет 78 гол соқты, ал екінші орында 39 голмен Испания құрамасы тоқтады.

2005 жылы Испанияда ФИФА футзал нұсқаушыларына арналған алғашқы семинар өтті.

Формат

Турнирлер

Футзалдан FIFA Әлем чемпионаты Футзалдан Еуропа чемпионаты Футзалдан Азия чемпионаты Футзалдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Футзалдан әйелдер арасында Еуропа чемпионаты Футзалдан 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионаты Футзалдан оқушылар арасындағы Әлем чемпионаты Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы

Футзалдан Әлем чемпионаты

Футзалдан әлем чемпионаты (ағыл. FIFA Futsal World Cup) — ФИФА ұйымының ұйымдастыруымен төрт жылда бір реті өткізілетін футзалдан халықаралық турнир. Футзалдан ұлттық құрамалар үшін ең беделді турнир саналады. Алғаш рет 1989 жылы Нидерланд елінде өтті. Тұңғыш чемпион Бразилия құрамасы атанды. Кейін өткен қатарынан екі чемпионатта жеңіске жетті. 2000 жылы және 2004 жылы өткен чемпионатта Испания құрамасы жеңіске жетті. 2021 жылы Португалия чемпион атанды. 2024 жылы Әлем чемпионаты Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтеді.

ЖылыҚабылдаған елФинал3-орынЧемпионЕсепВице-чемпион 3-орынЕсеп4-орын1989 Нидерланд Бразилия2:1 Нидерланды АҚШ3:2 Овертайм Бельгия1992Гонконг Бразилия4:1 АҚШ Испания9:6Иран1996 Испания Бразилия6:4 Испания Ресей3:2Украина2000 Гватемала Испания4:3 Бразилия Португалия4:2 Ресей2004Тайвань Испания2:1 Италия Бразилия7:4 Аргентина2008Бразилия Бразилия2:2 (4:3, Пенальти) Испания Италия2:1 Ресей2012 Тайланд Бразилия3:2,Овертайм Испания Италия3:0 Колумбия2016 Колумбия Аргентина5:4 Ресей Иран2:2 (4:3, Пенальти) Португалия2021Литва Португалия2:1 Аргентина Бразилия4:2 Қазақстан2024 Өзбекстан Бразилия 2:1 Аргентина Украина7:1 Франция 2028

Футзалдан Еуропа чемпионаты

Футзалдан Еуропа чемпионаты - УЕФА ұйымдастыруымен төрт жыл сайын өтетін халықаралық турнир. Чемпионатқа 16 команда қатысады. 2022 жылға дейін чемпионат екі жылда бір рет өтетін. Қатысушылар саны 12 ұлттық құрамамен шектелетін. 2017 жылы УЕФА Атқарушы комитеті Хелбсинки қаласында өткен кездесуде Еуропа чемпионатын төрт жыл сайын, ал қатысушылар санын 16 командаға дейін жеткізу туралы шешім қабылдады. 16 команданың қатысуымен турнир бірінші рет 2022 жылы өтті.

ЖылыҚабылдаған елЧемпионЕсепВице-чемпион3-орынЕсеп4-орын1996Кордова, ИспанияИспания5:3РесейБельгия3:2Италия1999Гранада, ИспанияРесей3:3(4:2) пенальтиИспанияИталия3:0Нидерланд2001Мәскеу, РесейИспания2:1УкраинаРесей2:1Италия2003Аверса/Казерта, ИталияИталия1:0УкраинаИспанияМатч өтпедіЧехия2005Острава, ЧехияИспания2:1РесейИталия3:1Украина2007Гондомар/Санту-Тирсу, ПортугалияИспания3:1ИталияРесей3:2Португалия2010Будапешт/Дебрецен, Венгрия Испания4:2 ПортугалияЧехия5:3Әзірбайжан2012Загреб/Сплит, ХорватияИспания3:1 (қосымша уақыт)РесейИталия3:1Хорватия2014Антверпен, БельгияИталия 3:1РесейИспания8:4Португалия2016Белград, СербияИспания 7:3РесейҚазақстан5:2Сербия2018Любляна, СловенияПортугалия 3:2 (қосымша уақыт)ИспанияРесей1:0Қазақстан2022Амстердам, ГронингенПортугалия 4:2 РесейИспания 4:1Украина2026Латвия, Литва, Словения Футзалдан Чемпиондар лигасы

2018/19 маусымнан бастап футзалдан УЕФА Кубогы атауын Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы деп өзгертілді. 2017/18 жылғы маусымнан бастап Чемпиондар лигасына қатысушы рейтингісі ең жоғары үш ел екі клубтан ұсына алады. Сонымен қатар егер ағымдағы чемпион рейтингісі жоғары үш елдің бірінен болса, онда төртінші орындағы ел де екі клуб қатыстыра алады.

Турнирдің форматы алдына ала, негізгі және элиталық раундтан тұрады. Ең соңында төрт клуб финалдық ойындарды ойнайды.

Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы МаусымӨткен орныЧемпионЕсепВице-чемпион3-орын4-орын2021/2022 Рига Латвия Барселона4:0 Спортинг Бенфика Аньер ВилленювМаусымӨткен орныЧемпионЕсепВице-чемпион1/2 2020/2021 Задар Хорватия Спортинг4:3 Барселона Қайрат Интер Мовистар Маусым Өткен орны Чемпион Счёт Финалист 3-орын 4-орын 2019/2020 Барселона Испания Барселона2:1 Эль-Посо КПРФ Тюмень2018/2019 Алматы Қазақстан Спортинг2:1 Қайрат Барселона Интер МовистарФутзалдан УЕФА кубогы («Төртеудің финалы») Маусым Өткен орны Чемпион Есеп Вице-чемпион 3-орын 4-орын2017/2018 Сарагоса Испания Интер Мовистар5:2 Спортинг Барселона Дьор2016/2017 Алматы Қазақстан Интер Мовистар7:0 Спортинг Қайрат Газпром-Югра2015/2016 Гвадалахара Испания Газпром-Югра4:3 Интер Мовистар Бенфика Пескара2014/2015 Лиссабон Португалия Қайрат3:2 Барселона Спортинг Дина Москва2013/2014 Баку, Әзірбайжан Барселона5:2 ОТ Динамо Москва Араз Кайрат2012/2013 Тбилиси, Грузия Кайрат4:3 Динамо Москва Барселона Иберия2011/2012 Лерида, Испания Барселона3:1 Динамо Москва Марка Футзал Спортинг2010/2011 Алматы, Қазақстан Монтезильвано5:2 Спортинг Кайрат Бенфика2009/2010 Лиссабон, Португалия Бенфика3:2 ОТ Интер Мовистар Араз Лупаренсе2008/2009 Екатеринбург, Ресей Бумеранг Интервью5:1 ВИЗ-Синара Қайрат Динамо Москва2007/2008 Мәскеу, Ресей ВИЗ-Синара4:4 пен. 3:2 Эль-Посо Динамо Москва Қайрат2006/2007 Мурсия, Испания Динамо Москва2:1 Бумеранг Интервью Эль-Посо Аксьон 21

Футзалдан әйелдер арасында Еуропа чемпионаты

Футзалдан Еуропа U19 чемпионаты

Футзалдан 19 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Еуропа чемпионаты тұңғыш рет 2019 жылы өткізіле бастады. Турнир әр екі жыл сайын тақ жылдары өткізіледі. Еуро 2022 Короновирус пандемиясы себебінен чемпионат 2021 жылы өтпеді, сондықтан 2022 жылы өткізілді. Чемпионат РигадаЛатвияда өтті. Финалда Испания мен Португалия құрамалары ойнап, қосымша уақытта 6:2 есебімен Испания чемпион атанды. Қазақстан құрамасы негізгі раундта ойнамады.

Еуро 2019 2019 жылы чемпионат Латвияда өтті. Финалда Хорватия мен Испания құрамалары кездесті. 1:6 есебімен Испания құрамасы жеңді.

Еуро 2027 2027 жылғы чемпионат Қазақстанда өтеді.

Футзалдан Қазақстан чемпионаты Футзалдан Қазақстан чемпионаты – бұл жыл сайын өтетін елдегі ең жоғарғы деңгейдегі футзал лигасы. 2022-23 жылғы маусымда 10 команда қатысқан болатын. Ал 2023-24 маусымында чемпионатта 11 команда қатысты. Абай облысынан "Семей" футзал клубы құрылып, чемпионатқа қосылды. Он екінші команда ретінде Қарағанды облысының атынан жаңа команда қосылады деп күтілді. Олардың арасында Тұлпар, Шахтер және Биосфера аттары аталды. Бірақ чемпионат басталар алдында Қарағандыдан клуб қосылмайтындығы хабарланды. Сонымен қатар 2023 жылдың желтоқсан айында Бірінші лига құрылды. Онда 5 команда қатысты. Олардың арасында Тұлпар, Биосфера, Омега, ТЧЭ-14, КазГАСА.

Футзалдан Қазақстан кубогы

Футзалдан оқушылар арасындағы Әлем чемпионаты 2023 жылғы 8-17 қазан аралығында Сербияның астанасы Белград қаласында Халықаралық мектеп спорт федерациясының (International School Sport Federation) ұйымдастыруымен Футзалдан оқушылар арасындағы Әлем чемпионаты (ISF World School Futsal Championship 2023) ұйымдастырылды.

Әдебиет Руководство УЕФА для тренеров по футзалу

Дереккөздер

Сілтемелер Мини-футбол ережелері

Санат:Мини-футбол