Тілеуова Тыныскүл Сүлейменқызы (1943 ж.т., Қызылорда облысы Сырдария ауданы) – медицина ғылымдарының докторы (1995). Алматы мемлекеттік медициналық институтын (1967, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университетін) бітірген. Қызылорда облысы Сырдария ауданы ауруханасында дәрігер (1967–70), Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер (1970–96); 1996 жылдан бас ғылыми қызметкері. 160-тан астам ғылыми жарияланымның авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталғанҚазақстан ұлттық энциклопедиясы. Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Санат:Тұлғалар Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Сырдария ауданында (Қызылорда облысы) туғандар Санат:1943 жылы туғандар Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері