Сарытөбе – Жетісу Алатауындағы Тышқантау тауларының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Жетісу облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылының оңтүстік-шығысында 12 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1657 м. Батыстан шығысқа қарай 2,5 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Беткейі тіктеу, өзен арналарымен тілімденген. Белесті қырқалардан тұрады.
Өсімдігі Тауалдының қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында астық тұқымдас шөптесіндермен бірге теріскен, тораңғы, т.б. өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Панфилов ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы