Виктор Васильевич Пасулько (; 1 қаңтар 1961https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/82755, Ильница, Иршавс ауданы, Закарпатье облысы, Украин КСР) — кеңестік және украиналық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 1988 жылғы Еуропа чемпионатына қатысып, күміс жүлдегер атанды.
Карьерасы
Клубтық "Говерла" клубының түлегі. 1979 жылға дейін КСРО екінші лигасында 16 кездесуде алаңға шықты. 1982 жылы КСРО жоғары лигасында ойнайтын "Черноморецке" ауысты.
1987 жылы Чернобыль апатының зардабынан қашып, Мәскеудің "Спартагына" өтті. Мәскеулік клуб сапында екі рет КСРО чемпионы атанды.
1990 жылдан бастап карьерасын аяқтағанша бірнеше неміс клубтарында доп тепті.
Халықаралық КСРО құрамасы сапында 1988 жылы 8 кездесуде алаңға шықты. 1988 жылғы Еуропа чемпионатынан соң құрамаға шақырылған жоқ.
Бапкерлік 1996 жылы бапкерлікке кірісті. Германия, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Италия, Люксембург клубтарын жаттықтырды.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде
УКСР Чемпионатындағы үздік 33: 1985 — № 3 КСРО чемпионатындағы үздік 33: 1985 — № 3 КСРО чемпионы: 1987, 1989 Еуропа чемпионатының финалисі: 1988
Бапкер ретінде
«Ордабасы»
Қазақстан кубогы: 2011 Қазақстан суперкубогы: 2012
Әдебиет Шаинский Ефим. Виктор Пасулько: Сегодня я — свободный человек // Футбол от «СЭ». — № 49. — 1997.
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:КСРО футболшылары Санат:КСРО Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Говерла ФК ойыншылары Санат:СКА Львов ФК ойыншылары Санат:Черноморец Одесса ФК ойыншылары Санат:Спартак Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Айнтрахт Брауншвейг ФК ойыншылары Санат:Украина футболшылары Санат:Украина футбол жаттықтырушылары Санат:Хазар-Ленкорань ФК жаттықтырушылары Санат:Ордабасы ФК жаттықтырушылары Санат:Атырау ФК жаттықтырушылары Санат:Оқжетпес ФК жаттықтырушылары Санат:Молдова Ұлттық футбол құрамасы жаттықтырушылары Санат:Роданж 91 ФК жаттықтырушылары