Өтеубай — Ақсай мен Бұғылыөзек өзендерінің аралығындағы қыстау.

Географиялық орны Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылының солтүстік-батысында 25 км жерде орналасқан.

Сипаттамасы Жер бедері жазық, теңіз деңгейінен шамамен 15 м төмен жатыр. Сортаңды сұр топырақты жамылғысында жусан, сораң, шағыр, қаңбақ, құмаршық, жүзгін, қызылмия, изен, т.б.өсімдіктер өседі. Қыстаудың шығысында Әбен, оңтүстігінде Мейірман қыстаулары бар.Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5

Дереккөздер

Санат:Қыстаулар Санат:Атырау облысы қыстаулары Санат:Махамбет ауданы географиясы