Сарғалдақтар тұқымдасы (Ranunculaceae) — қос жарнақтыларға жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тұқымдасы. Кейде бұта және шырмауық түрінде де кездеседі.
Таралуы Жер шарында кең тараған 50-ден астам туысы, 1200-ге жуық (кей мәліметтерде 2000) түрі негізінен қоңыржай белдеулерде, салқын жерлерде және суда өседі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 29 туысы, 185 түрі бар. Ішінде жиі кездесетіндері: сарғалдақ, бәрпі, тегеурінгүл, жанаргүл, т.б.
Ботаникалық сипаттамасы Жапырақтары бүтін жиекті не тілімденген, жапырақ серіктері болмайды. Гүлі қос жынысты (сирек жағдайда дара жынысты) болады. Аталығы өте көп, гинецейі апокарпты (гүлдегі өзара тұтаспаған аналықтар жиынтығы). Жемісі — көп тұқымды жапырақша немесе көп жаңғақша. Тұқымы майлы.
Химиялық құрамы Көп жылдық Сарғалдақтар тұқымдасының құрамында алкалоид және глюкозид болғандықтан улы келеді. Сарғалдақтар тұқымдасының көпшілік түрі дәрілік өсімдіктер (жанаргүл, бәрпі, т.б.); әсемдік үшін де өсіріледі (шөмісгүл, тегеурінгүл, жібілген, т.б.). Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
Тұқымдас тектері GRIN мәліметі бойынша, сарғалдақ тұқымдасына кіретін тектер: Aconitum Actaea Adonis Anemone Anemonopsis Aphanostemma Aquilegia Archiclematis Arcteranthis Asteropyrum Barneoudia Beesia Calathodes Callianthemoides Каллиантемум Caltha Ceratocephala Clematis Consolida Coptis Delphinium Dichocarpum Enemion Eranthis Garidella Glaucidium Hamadryas Helleborus Hydrastis Isopyrum Knowltonia Komaroffia Krapfia Kumlienia Laccopetalum Leptopyrum Megaleranthis Metanomone Myosurus Naravelia Nigella Oreithales Paraquilegia Paroxygraphis Peltocalathos Ranunculus Semiaquilegia Thalictrum Trautvetteria Trollius Urophysa Xanthorhiza
Дереккөздер
Санат:Сарғалдақтар тұқымдасы