Қожыр – Тарбағатай жотасының орта бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы және Қытаймен шекарасында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2505 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылған, енді жері 3 км. Беткейі тік жарқабақты, өзен арналарымен тілімденген. Солтүстігі мен шығыс тау етегінде биіктігі 9-10 м-ге жететін қорымтастардың мол үйінділері шоғырланған. Солтүстігінен Шетласты, оңтүстігінен Қараүңгір өзендері бастау алады.
Геологиялық құрылымы Негізінен төменгі және орта палеозойдың тақтатас, әктас, құмтас жыныстарынан тұрады.
Өсімдігі Таудың қара және қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында дала ландшафтысы тән.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Тарбағатай ауданы таулары