Қарақұдық — Тайсойған құмының солтүстік-батысындағы қыстау.
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылының солтүстігінде 7 км жерде орналасқан. Ойыл өзенінің аңғарында. Солтүстігінде Жырақұдық, Қаракөл жайлаулары мен Бесқұдық құдығы, шығысында Айғыршағыл, Өтебай қыстаулары, Қаттыкөл, Байтақ көлдері мен Ақмырза жайлауы, батысында Қайып, Бесқотыр қыстаулары орналасқан. Қаттыкөл көлінің жағалауы мал жайылымы ретінде пайдаланылады.ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ: «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 2011. 3-том ISBN 9965-893-64-0
Атаудың сөзжасамдық сипаты Қара (сын есім)+құдық (зат есім, географиялық термин) сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы атау.
Дереккөздер
Санат:Қыстаулар Санат:Атырау облысы қыстаулары