Реюньон () — Үнді мұхитының батыс бөлігінде орналасқан арал, Францияның иелігі. Мадагаскар аралынан шығысқа қарай 680 км, Маврикий аралынан оңтүстік-батысқа қарай 180 км жерде.

Аумағы 2510 км², халқы 699000 адам (2005).

Астанасы – Сен-Дени (158000 адам).

Реюньон – Маскарена аралдарының ішіндегі ең ірісі (оған Реюньоннан басқа Маврикий мен Родригес кіреді). Бұл жанартаутекті аралдардың басым бөлігін таулар алып жатыр.

Олардың ең биігі аралдың орталығындағы – Питон-де-Неж (3069 м).

Климаты тропиктік, бірақ биік жерлері салқындау, биіктікке байланысты жауын-шашын мөлшері қатты өзгереді.

Оңтүстігі мен шығысындағы жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 4000 мм-ден асса, солтүстігі мен батысында 1000 мм-ден аз. Аралды 16 ғасырда португалдық теңізде жүзушілер ашқанмен, 1643 жылға дейін адам қоныстанбады.

Сол жылы Реюньонды Франция басып алып, оған Бурбон деген атау беріп, қант плантацияларында жұмыс істеу үшін Африкадан құлдар апарды. 1793 жылы арал Реюньон деп аталды, 1946 жылы Францияның теңіздің аржағындағы департаменті мәртебесін алды.

Халқының 60%-дан астамын француз қоныстанушылары мен африкалықтардың аралас некесінің ұрпақтары – креолдар құрайды. Реюньон экономикасы ауыл шарушылығына, оның ішінде қант құрағын өсіруге бейімделген. Сондай-ақ ром, ваниль,эфир майлары да экспортталады, туризм жақсы дамыған.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том

Әкімшілік бөлініс

Муниципалитеттер (коммунналар) Қазақша атауыФранцуз атауыЖер аумағы (км2)Халық саныЕлтаңбаОрталықКартаБра-ПанонBras-Panon88.5512,768Сант-БенуаСиляусCilaos84.45,492Сант-ПьерАнтре-ДюEntre-Deux66.836,914Сант-ПьерЛитон-СалиL'Étang-Salé38.6514,108Сант-ПьерЛя Плен-ди-ПальмисLa Plaine-des-Palmistes83.196,568Сант-БенуаЛя-ПоссиссионLa Possession118.3532,633Сант-ПольЛю ПорLe Port16.6233,531Сант-ПольЛю ТампунLe Tampon165.4379,385Сант-ПьерЛиз АвирунLes Avirons26.2711,246Сант-ПьерЛи Труа-БассанLes Trois-Bassins42.587,076Сант-ПольПютиту-ИлеPetite-Île33.9312,308Сант-ПьерСант-АндреSaint-André53.0756,747Сант-БенуаСант-БенуаSaint-Benoît229.6137,274Сант-БенуаСант-ДениSaint-Denis142.79150,535Сант-ДениСант-ЖозефSaint-Joseph178.537,517Сант-ПьерСант-ЛюSaint-Leu118.3734,196Сант-ПольСант-ЛуиSaint-Louis98.953,589Сант-ПьерСант-ПольSaint-Paul241.28103,492Сант-ПольСант-ФиллипSaint-Philippe153.945,149Сант-ПьерСант-ПьерSaint-Pierre95.9984,961Сант-ПьерСанте-МариSainte-Marie87.2133,234Сант-ДениСанте-РозSainte-Rose177.66,296Сант-БенуаСанте-СюзаннеSainte-Suzanne58.8423,718Сант-ДениСалязиSalazie103.827,224Сант-Бенуа

Халық саны

Тарихи халық ЖылХалық саныЖылХалық саныЖылХалық саны1671901830101,3001961349,28216962691848110,3001967416,52517047341849120,9001974476,67517131,1711860200,0001982515,81417172,0001870212,0001990597,823172412,5501887163,8811999706,300176425,0001897173,1922008808,250177735,1001926182,6372013835,103178961,3001946241,7082018855,961182687,1001954274,3702020858,450

Дереккөздер

Санат:Реюньон Санат:Шығыс Африка