Серж Вильфрид Канон (; 6 шілде 1993 жыл, Абиджан) — ивуарлық футболшы, "Пирамидэ" клубы мен Кот-д’Ивуар Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы.
Карьерасы
Клубтық 2010 жылы Италияның "Эмполи" клубының жастар командасында ойнады. Екі маусымнан соң Румынияның "Глория" клубына ауысты.
2013 жылы жазда "Корона" клубына ауысты. Бірақ бұл командада онша көп ойнай алған жоқ, Клуб мұны керексінбей, басқа командаға ауысуына рұқсат берді. 2013 жылдың соңында "АДО Ден Хааг" клубына ауысты.
2015 жылы 1 шілдеде "Лилль" футболшысы атанды. Клубпен 4 жылдық келісім шарт жасасты. Бірақ бір аптадан медициналық тексеруден өте алмай, келісім шарт жоққа шығарылды да, қайтадан "АДО Ден Хаагқа" оралды.
2017 жылы тамыз айында нидерландтық клубпен жаңа келісім шарт жасалды.
Құрама 2015 жылдан бері Ұлттық құрама сапында ойнап келеді. 2015, 2017, 2019 жылы Африка Ұлттары кубогына қатысты.
Жетістіктері
Халықаралық Африка Ұлттары кубогының жеңімпазы: 2015
Дереккөздер
Сілтемелер
Профилі
Санат:Кот-д’Ивуар футболшылары Санат:Кот-д’Ивуар Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Глория Быстрица ФК ойыншылары Санат:АДО Ден Хааг ФК ойыншылары Санат:Әл-Гарафа ФК ойыншылары Санат:Футболдан Африка чемпиондары