нобай Жожоның таңғажайып хикаясы (, ) — жапондық мангака (манга авторы) Хирохико Араки ойлап тапқан манга топтамасы. 1987—2004 жылдары бұл топтама Weekly Shonen Jump журналында жарияланып жүрді, кейінірек ай сайын шығатын Ultra Jump журналына ауысты. Топтаманың 135-тен астам томы жарық көрді және жаңа бөлімдері әлі күнге дейін басылып келеді.

Тоғыз бөлімнен тұратын «Жожоның таңғажайып хикаясы» Джонатан Джостар () мен оның ұрпақтарының оқиғалары туралы баяндайды. Әр бөлім сайын оқырмандарға тылсым күшке ие жаңа қаһарман («ДжоДжо» лақап атымен) мен тың оқиға желісі таныстырылады.

Манга негізінде 13 бөлімнен тұратын OVA топтамасы (1993—2002), толық метражды анимациялық фильм (2007), көркем фильм (2017) және David Production студиясы шығарған танымал аниме-сериал жасалды. Сонымен қатар франшиза аясында «Рохан Кишибе қозғалмайды» () сынды танымал ресми спин-оффтар, романдар мен видео ойындар жарық көрді.

Сеттинг Жожоның таңғажайып хикаясының ғаламы — кейбір адамдар өздерінің ішкі рухани күшін «Стандқа» (жапон. スタンド сутандо) түрлендіруге қабілетті нақты әлемнің көрінісі; энергияның тағы бір көне түрі — тыныс алуға негізделген «хамон» (жапон. 波紋 хамон)Jason Thompson's House of 1000 Manga — JoJo's Bizarre Adventure. Anime News Network. Әр бөлім дербес оқиға болғанымен, 1–6 бөлімдердегі басты кейіпкерлерді мойнының сол жағындағы жұлдыз түріндегі меңі мен ортақ Джостар әулетінің тамыры біріктіредіJoestar Birthmark Characters — Giant Bomb. Giant Bomb.. 7-бөлімнен бастап оқиғалар жаңа, баламалы ғаламда өрбиді.

Хирохико Араки оқиға орны ретінде әр кез жаңа елдерді таңдайды: Англия, АҚШ, Жапония, Италия, Мысыр, Үндістан, сондай-ақ Гавайи аралдарыFrancesco-Alessio Ursini. David Bowie’s Influence on JoJo’s Bizarre Adventure // The Comics Grid: Journal of Comics Scholarship. — 2017.. Көптеген кейіпкерлер мен станд атаулары белгілі рок-топтар мен музыкалық альбомдарға сілтеме жасайды. Сондай-ақ франшиза кейіпкерлердің ерекше сәнді киімдерімен, сән журналдарына еліктейтін «ДжоДжо позаларымен» және мағыналық дыбыстық иероглифтерімен (ономатопея) ерекше танымал.

Сюжет I бөлім: Phantom Blood

Оқиғалар XIX ғасырдың соңында Ұлыбританияда өтеді. Бай жер иесі Джордж Джостардың ұлы Джонатан өзінің асыранды ағасы Дио Брандомен бірге өседі. Алайда Дио Джостар әулетінің байлығын иемденуді көздейді. Жоспары ашылып қалғанда, ол көне тас масканы киіп, қанішер вампирге айналады. Джонатан ағасы Диоға қарсы тұру үшін күн энергиясын өткізетін «хамон» жауынгерлік өнерін үйреніп, күреске шығадыDiMarco Foti, Francesco Pelosi. Generazioni eccentriche: Le bizzarre avventure di JoJo. Lospaziobianco..

II бөлім: Battle Tendency

Оқиғалар 1938 жылы өрбиді. Джонатанның немересі Джозеф Джостар — хамон күшін тумысынан иеленген тапқыр бозбала. Мексика мен Еуропа жерінде мыңдаған жылдық ұйқысынан тас маскаларды жасап шығарған қуатты ежелгі тіршілік иелері — «Баған адамдары» (пиллармендер) оянады. Олар Эйшаның Қызыл тасын қолданып, кемел жаратылысқа айналуды мақсат етеді. Джозеф жаңа одақтастарымен бірге адамзатты құтқару үшін олармен шайқасады.

III бөлім: Stardust Crusaders

Оқиға 1989 жылы орын алады. Мұхит түбінен көтерілген Дио Брандо Джонатанның денесін тартып алғандықтан, Джостар әулетінде тылсым рухани күш — «Станд» оянады. Джозефтің немересі Джотаро Куджо өз стандын басқара алмай, өміріне қауіп төнген анасы Холлиді құтқару үшін жорыққа аттанады. Джотаро, Джозеф және олардың серіктері 50 күн ішінде Мысырға жетіп, Дионы біржола жоюы керек.

IV бөлім: Diamond Is Unbreakable

Оқиғалар 1999 жылы Жапонияның Морио қаласында өтеді. Джозефтің некесіз туған ұлы Джоске Хигашиката достарымен және қалаға келген Джотаромен бірге жаңа станд иелерін тудыратын жұмбақ «Садақ пен жебені» іздейді. Кейіннен олар Мориода көптеген жылдар бойы жасырынып, қылмысын білдірмей келген сериялық кісі өлтіруші Йошикаге Кирамен текетіреске түседі.

V бөлім: Golden Wind

Оқиға 2001 жылы Италияда (Неапольде) орын алады. Басты кейіпкер — Дионың ұлы, бірақ генетикалық тұрғыда Джонатанның қаны бар Джорно Джованна. Джорно қаладағы балаларға есірткі тарататын жемқор мафия жүйесін іштен өзгертіп, «Ганг-Стар» атануды армандайды. Ол «Пассионе» мафиясының Бруно Буччеллати басқаратын тобына қосылып, ұйымның жұмбақ жетекшісі Диаволоға қарсы бүлік бастайды.

VI бөлім: Stone Ocean

Оқиға 2011 жылы АҚШ-тың Флорида штатындағы «Green Dolphin Street» қатаң тәртіптегі түрмесінде өтеді. Джотароның қызы Джолин Куджо жаламен түрмеге қамалады. Ол әкесінің станды мен жадын ұрлап кеткен түрме дін қызметкері Энрико Пуччидің арам пиғылын біліп, Дионың бүкіл ғаламды қайта жазуға арналған жоспарына тосқауыл қоюға тырысады.

VII бөлім: Steel Ball Run

Бұл — алдыңғы алты бөліммен тікелей байланысы жоқ баламалы ғаламдағы оқиға. Оқиға 1890 жылы АҚШ аумағында San Diego-дан New York-ке дейін өтетін халықаралық ат жарысы аясында басталады. Бұрынғы танымал жокей, арбаға таңылған Джонни Джостар мен жұмбақ айналмалы темір шарларды («Спин» өнерін) қолданатын Джайро Цеппели күш біріктіреді. Жарыс шын мәнінде АҚШ президенті Фанни Валентайн ұйымдастырған Қасиетті Жәдігер бөлшектерін жинау құралы екені әшкере болады.

VIII бөлім: JoJolion

Оқиғалар 2011 жылғы зілзаладан кейінгі баламалы Морио қаласында өтеді. Жер астынан табылған жадын жоғалтқан жас жігітке «Джоске» есімі беріледі. Ол өзінің шынайы кім екенін анықтау барысында өзінің екі адамның бірігуінен пайда болғанын және қалада сиқырлы емдік қасиеті бар Локакака жемістері мен тас адамдар қауымына байланысты құпия синдикат бар екенін анықтайды.

IX бөлім: The JOJOLands

Манганың 9-бөлімі 2023 жылдың ақпанында басталып, қазіргі күнде жалғасып жатыр. Оқиға қазіргі Гавайи аралдарында (Оаху) өрбиді. Басты кейіпкер — 15 жасар Джодио Джостар (Джонни Джостардың шөбересі) және оның әпкесі/ағасы Драгона Джостар. Қоғамдағы «механизмдерге» сүйеніп, аса бай болуды көздейтін Джодио өз тобымен бірге Гавайиге демалуға келген жапондық суретші Рохан Кишибенің вилласындағы бағалы алмас пен байлықты өзіне тартатын тылсым Лава тасын ұрлау операциясына қатысады. Осыдан кейін олар ірі жергілікті алпауыт синдикаттардың қудалауына тап болады.

Аниме топтамасының маусымдары David Production студиясы шығарған ресми бейімделулер: 1-маусым: Phantom Blood — 9 бөлім, 6 қазан 2012 — 1 желтоқсан 2012 Battle Tendency — 17 бөлім, 8 желтоқсан 2012 — 6 сәуір 2013 2-маусым: Stardust Crusaders — 24 бөлім, 5 сәуір 2014 — 12 қыркүйек 2014 3-маусым: Stardust Crusaders: Battle in Egypt — 24 бөлім, 9 қаңтар 2015 — 19 маусым 2015 4-маусым: Diamond Is Unbreakable — 39 бөлім, 1 сәуір 2016 — 23 желтоқсан 2016 5-маусым: Golden Wind — 39 бөлім, 5 қазан 2018 — 28 шілде 2019 6-маусым: Stone Ocean — 38 бөлім (үш топтамаға бөлініп шықты), 1 желтоқсан 2021 — 1 желтоқсан 2022 7-маусым / Жаңа жоба: Steel Ball Run — аниме бейімделуі (өндірісін David Production студиясы жалғастырған).

Дереккөздер

Санат:Мангалар Санат:Аниме-сериалдар