Опока – кремнийлі шөгінді тау жынысы. Опоканың негізгі массасы (92 – 97%) аморфты кремнеземнен (опал, халцедон) тұрады. Қоспа ретінде кварц, дала шпаттары, глоуконит, саз, құм, кремнийлі организмдер қаңқаларының бөлшектері болады. Түсі ашық сұрдан қара сұрға дейін, қаттылығы 3 – 5, тығыздығы 1,2 – 1,5 г/см3. Опока негізінен диатомиттер мен трепелдердің диагенездік өзгеруінен, кейбір жағдайда теңіздерде кремнеземнің химиялық тұнуынан қалыптасады. Опока жылу өткізбейтін құрылыс материалы ретінде, таза түрлері өндірісте техникалық майларды тазарту үшін қолданылады.Қазақ энциклопедиясы, 7 том Қазақстандағы кендері Ақтөбе облысы (Құдық опока кені) Оңтүстік Қазақстан облысы Сілтемелер Тау жынысы Кремнезем Майлар Дереккөздер
Санат:Шөгінді тау жыныстары