Крейг Уильям Берли (; Крейг Берли, Эр, Шотландия, Ұлыбритания) — шотландиялық футболшы, жартылай қорғаушы, Шотландия Ұлттық футбол құрамасы сапында ойнаған.

Карьерасы Англия және Шотландия клубтарында ойнаған.

Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 1995 жылы ойнады. Бір жылдан соң 1996 жылғы Еуропа чемпионатына қатысып, топтық кезеңнін үш ойынында да алаңға шықты.

1998 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде 9 кездесуде алаңға шықты. Финалдық турнирге қатысып, екінші турда Норвегиямен ойында гол соқты, бұл ойында Шотландия чемпионаттағы жалғыз ұпайын еншіледі.

2003 жылы 30 сәуірде құрама жейдесін соңғы рет киді. Аустриямен жолдастық кездесуде алаңға шығып, 63-минутта алмастырылды.

Жетістіктері

Командалық

Шотландия-21

Еуропа чемпионатында 3-орын (1): 1992

Челси

Англия кубогы (1): 1996/97

Селтик

Шотландия чемпионы (1): 1997/98 Лига кубогы (2): 1997, 2000

Жеке

Шотландия жыл футболшысы (1): 1997/98

Дереккөздер

Санат:Шотландия футболшылары Санат:Шотландия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Селтик ФК ойыншылары Санат:Дерби Каунти ФК ойыншылары Санат:Данди ФК ойыншылары Санат:Престон Норт Энд ФК ойыншылары