Қарағанды – Жаман Сарысу алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Байназар тауының оңтүстігіндегі Сасықбұлақ қыстауы маңындағы бұлақтардан алып, Ақсеңгір қыстауы тұсында Жаман Сарысу өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 43 км, су жиналатын алабы 662 км2. Қарақұдық қыстауына дейінгі арнасы сайлы-жыралы, төбелі-белесті өңірмен өтеді. Одан төменде арнасы кеңейіп, жазық жермен ағады. Жалпы ұзындығы 40 км болатын шағын 10 саласы бар. Қар және жер асты суларымен толығады. Жазда қарасуларға бөлініп қалады. Өзен бойында бірнеше қыстау орналасқан. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы