Сазымбай – Сарыапанқұм және Үлкенқұм құмды алқаптарының солтүстігіндегі құм.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданының батысында және Қостанай облысының Жангелді, Амангелді аудандары жерінде орналасқан.

Жер бедері Солтүстіктен оңтүстікке қарай Сазымбай қонысы мен Баскөл соры аралығында 22 км-ге созылып жатыр. Енді жері 10 км-ге жуық. Аумағы 20 км2. Солтүстігі біршама көтеріңкі (204 м), оңтүстік-батысының ең биік жері 183 м.

Өсімдігі Ұяшықты құм төбелі жер бедерінде жусан, теріскен, еркек шөп, бұталар өседі. Құм жиегінде бірнеше қыстау орналасқан. Маңы мал жайылымына пайдаланылады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қостанай облысы құмдары Санат:Ұлытау облысы құмдары