Құркөл – Теңіз көлінің шығысындағы тұйық көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ершовка ауылының солтүстігінде 7 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 168 м биіктікте жатыр. Аумағы 4,2 км2, ұзындығы 2,7 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 8 км. Суы жаз айларында тартылып қалады. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Солтүстік-шығысында Моховое, оңтүстік-шығысында Балықты, оңтүстік-батысында Қарасор көлдері жатыр. Суы тұщы. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. Алабының 30%-ға жуығы жыртылған.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ұзынкөл ауданы көлдері