2-сайланым Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының өкiлеттiгi 1999 жылғы 1 желтоқсанда бiрiншi сессиясының ашылуынан басталып, 3-сайланым Парламент Сенатының бiрiншi сессиясы жұмысы басталған күні 2004 жылы 3 қарашада аяқталды.

1995 жылы 4 жылға сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты 1999 жылғы 17 қыркүйекте Сенат депутаттарын 6 жылға сайлау болып өтті.

1997 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттіктері конституциялық нормаларға сәйкес екінші шақырылымда 2002 жылғы желтоқсанға дейін жалғасты.

2-сайланым Сенат депутаттарының тізімі 2-сайланымдағы Сенаттың өкілеттігі кезінде барлығы 59 депутат болды.

ТАӘСенат депутатының өкілеттік мерзіміТүсініктеме Алесин Владимир Иванович 2003—2005 Президент жарлығымен тағайындалды Аман Евгений Иосифович 1999—2011 1999 және 2005 жылдары Қостанай облысынан сайланған Атрушкевич Павел Александрович Ахметов Қабдығали Николайұлы 2002—2008 2002 жылы Батыс Қазақстан облысынан сайланған Ахметов Рашит Сайранұлы 1999—2017 2005 және 2011 жылдары Батыс Қазақстан облысынан сайланған Әбділдин Жабайхан Мүбәрәкұлы 1996—2005 Алматы қаласынан сайланған Әбдікәрімов Оралбай 1999—2004, 2007—2013 Президент жарлығымен тағайындалды Әбілдинов Думан Ахатұлы 1996—2002 Қарағанды облысынан сайланған Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы 2004—2007, 2015—2017 Президент жарлығымен тағайындалды Байгелді Өмірбек 1996—2011 1995, 1999 және 2005 жылдары Жамбыл облысынан сайланған. Барақова Сайлаукүл Жаппарқызы 1997—2002 Оңтүстік Қазақстан облысынан сайланған Батталов Марс Арупұлы 1995—2002 Алматы облысынан сайланған Батталова Зәуреш Қабылбекқызы 1999—2005 Шығыс Қазақстан облысынан сайланған Башмаков Анатолий Афанасьевич 2002—2014 2002 және 2008 жылдары Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Беркімбаева Шәмша Көпбайқызы 1999—2002 Биғалиев Ермекқали Аққалиұлы Атырау облысынан сайланған Бижанов Ахан Құсайынұлы 2005—2017 2005 және 2011 жылдары Алматы қаласынан сайланған Бөлекпаев Аманжол Қуанышұлы 1999—2011 1999 және 2005 жылдары Астана қаласынан сайланған Бөлтаев Қуанышбек Көлбайұлы Бурлаков Леонид Николаевич 1996—2011 1995, 1999, 2005 жылдары Маңғыстау облысынан сайланған Галимов Фарит Хабибрахманұлы 1999—2011 1999 және 2005 жылдары Астана қаласынан сайланған Гусинский Александр Владимирович 1996—1999, 2002—2008 1996 және 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысынан сайланған Добрышин Федор Иванович Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы 1999—2011 1999 және 2005 жылдары Қызылорда облысы қаласынан сайланған Есімханов Сағындық Өлмесекұлы 1999—2005 Павлодар облысынан сайланды Ескендіров Қайролла Ғазизұлы 1996—2002 Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Жалмағамбетова Светлана Жақияқызы 2003—2014 2003 және 2008 жылдары Ақмола облысынан сайланған Жолдасбаева Нұрлығайым Шалданқызы 2003—2011 Президент жарлығымен тағайындалды Жексембинов Жомартқали Баясылұлы 2002—2008 Алматы облысынан сайланған Жұмабаев Ермек Жианшаұлы 1996—2014 Павлодар облысынан сайланған Жүсіпов Бейбіт Ғазизұлы 1998—2002 Астана қаласынан сайланған Иманқұлов Еділбай Ісләмұлы 1999—2011 Ақтөбе облысынан сайланған Исабеков Шамсат Жақсылықұлы 2002—2008 Жамбыл облысынан сайланған Кәкішев Жандарбек Шәмілұлы 1999—2011 Атырау облысынан сайланған Кәрібайұлы Жандар 1996—2002 Жамбыл облысынан сайланған Кекілбайұлы Әбіш 2002—2010 Президент жарлығымен тағайындалды Кист Виктор Эдуардович 2003—2005 Қарағанды облысынан сайланған Кубайчук Юрий Алексеевич 2002—2014 2002 және 2008 жылдары Қарағанды облысынан сайланған Қайсаров Уәлихан Әбішұлы 1999—2005 Қарағанды ​​облысынан сайланған Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы 1997—2001 Президент жарлығымен тағайындалды Қаюпова Нина Әмірқызы 1999—2003 Қожағалиев Асқар Орынбасарұлы 1999—2005 Атырау облысынан сайланған Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы 1999—2001, 2018— Президент жарлығымен тағайындалды Құсайынов Боранбай Бақытжанұлы Ақтөбе облысынан сайланған Машани Абылхан 1999—2005 Маңғыстау облысынан сайланған Нұрманбетов Нүсіпжан Нұрманбетұлы 1996—2011 Алматы облысынан сайланған Окшин Юрий Васильевич 1997—2002 Шығыс Қазақстан облысынан сайланған Өтебаев Мүсірәлі Смайылұлы 2002—2008 Президент жарлығымен тағайындалды Рахманбердиев Орынбай 2002—2014 2002 және 2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысынан сайланған Сағындықов Елеусін Наурызбайұлы 2002—2004, 2011—2017 2011 жылы Ақтөбе облысынан сайланған Сәпиев Оңалбек 1997—2008 Қызылорда облысынан сайланған Сейдуалиев Сәкен Спаханұлы Алматы қаласынан сайланған Симамбаев Тасбай Қабашұлы 1996—2011 Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы 2001—2011 Президент жарлығымен тағайындалды Сыздықов Амангелді Хамзеұлы 1999—2005 Ақмола облысынан сайланған Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы Батыс Қазақстан облысынан сайланған Төрегелдинов Жұмабек Сүлейменұлы 2002—2014 2002 және 2008 жылдары Алматы қаласынан сайланған Тұтқышев Бексұлтан Серікбайұлы 1996—2008 Қостанай облысынан сайланған Щеголихин Иван Павлович 1996—2003 Алматы қаласынан сайланған

Дереккөздер

*