Aviata — саяхатты ұйымдастыру үшін онлайн-сервистерді ұсынатын қазақстандық туристік АТ-компания. Компания пайдаланушыларға авиабилеттерді, теміржол билеттерін және басқа да туристік қызметтерді онлайн брондауға және сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл қызмет сайттың, сондай-ақ iOS және Android үшін мобильді қосымшалардың көмегімен қол жетімді. Компанияның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

Қызметі Aviata әуе және темір жол билеттерін сатып алу сервисін 2013 жылы "Шах Тревел" туристік компаниясы және "Глатис" веб-әзірлеу студиясы жасаған. 2016 жылы компания ҚР авиабилеттерді онлайн-сату агенттік нарығының 30% жуығын иеленді. 2019 жылы компания айналымы $111,3 млн құрадыForbes: 30 крупнейших торговых интернет-площадок — 2020.

2019 жылғы мамырда Авиата online-travel пен meta іздеу жүйесін біріктірді, яғни билетті сатып алу кезінде борттан орын таңдау функциясы, операторды тартпай бірнеше минут ішінде билетті автоматты түрде қайтару мүмкіндігі қолжетімді болды. 2019 жылдың тамыз айында қосымшаларда бонустық бағдарлама іске қосылдыaviata.kz — Forbes Казахстан.

Меншік иелері және басшылық Aviata 2013 жылы "Шах Тревел" және "Глатис" компанияларымен құрылған (компанияның негізін қалаушылардың бірі - Әділ Хаштамов). 2018 жылдың ақпан айында компанияның 53%-ын Chocofamily сатып алды.Холдинг Chocofamily получил полный контроль над Aviata и Chocotravel Сервисы Chocotravel и Aviata объединились - Tengrinews.kzChocotravel и Aviata объявили об объединении компаний - Informburo.kz

2019 жылдың қараша айынан бастап Aviata толығымен Chocofamily бақылауында.У Aviata.kz теперь единственный владелец— Kapital.kzАлексей Ли об объединении Aviata с Chocotravel, IPO, репутации и неудачных стартапахChocofamily поглотила сервис Aviata | LS

Марапаттар 2014 жылы Aviata Ұлттық интернет-премиясының қорытындысы бойынша "Жыл компаниясы" премиясына ие болды Award.kzAward.kz 2014 — итоги. Видео. 2015 жылдан бастап компания Forbes журналының нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ірі интернет-компанияларының тізіміне кіредіРенкинг "50 крупнейших интернет-компаний Казахстана" — Forbes Kazakhstan. 2019 жылы Aviata қосымшалары "Топ-30 Қазақстанның мобильді қосымшалары" рейтингісінде 6 мен 7 орынға ие болдыForbes: Топ-30 мобильных приложений Казахстана. 2020 жылы Forbes "30 ірі сауда интернет-алаңы" рейтингінде компания 3-орынды иеленді.

Сілтеме Ресми сайты

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша сайттар Санат:Қазақстан сайттары Санат:Авиациялық сайттар Санат:Қазнет Санат:Іздеу жүйелері Санат:2013 жылы пайда болған сайттар Санат:Туристік компаниялар Санат:Электрондық коммерция