Сарықұлжа – Бектауата тауларының солтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қаработа ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1082 м. Күрделі пішінді тау бойлық бағытта 8 кмге созылған, енді жері 5,5 км. Беткейлері тік жартасты. Оңтүстік-шығысында 3 км жердегі Бектауата тауларында Бектауата үңгірі орналасқан. Оңтүстік-батыс етегінде Бектауата демалыс үйі жайласқан.
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы жоғарғы палеозойдың қызғылт гранит, гранодиориттерінен түзілген. Оның бетін делювийлі-пролювийлі шөгінділер жапқан.
Өсімдігі Тау етегінің қиыршықтасты қоңыр, сұрғылт топырағында қара баялыш, жусан, тасбұйырғын басым қуаң шөлейт далаға тəн өсімдіктер өскен. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары