Соркөл – Шу өзенінің төменгі аңғарындағы көл.

Географиялық орны Жамбыл облысы Сарысу ауданы Шығанақ ауылының солтүстік-батысында 15 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Аумағы 3,9 км2, ұзындығы 3 км, енді жері 1,9 км, жағалау бойының ұзындығы 9 км. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан көл жағалауы жарлы, батысы біршама жазық келген. Мұнда батпақты сор жерлерінде қамыс шоғырлары кездеседі. Негізінен қар, жауын-шашын суларымен толысады. Жазда құрғап сорға айналады. Оңтүстігінде Тұздыарал қонысы жатыр. Алабы жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Сарысу ауданы көлдері Санат:Шу су алабы