Асқар Қуанышұлы Омаров (30 маусым 1976 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер, 2026 жылдан бастап Қазақстан халық кеңесі төрағасының кеңесшісі. Президент жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінің» директоры (2022–2026), Ақпарат және қоғамдық даму министрі (2022).
Өмірбаяны Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан.
1976 жылы Алматыда туған. Тұран университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі: халықаралық экономикалық қатынастар.
Еңбек жолын 1996 жылы жекеменшік компанияда туристерді жөнелту бөлімінің көмекшісі болып бастады. 1997 ж. — «Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың» әлеуметтік-экономикалық мәселелер бөлімінің жетекші маманы. 1998-1999 жж. — «БИКО» баспа үйі мен «Қазақстанның шағын бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман. 1999-2000 жж. — «Асар» жастар газеті бас редакторының орынбасары. 2001-2004 жж. — «Новости недели» РГ» ЖШС, кейін «Московские новости-Новости недели» тілшісі, шолушысы, саясат бөлімінің меңгерушісі. 2004-2006 жж. — «Қазақстан» РТРК АҚ Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының шеф-редакторы, директорының орынбасары. 2007 ж. — «ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз хатшысы. 2007-2008 жж. — «Infinity Communication» ЖШС креативті директоры. 2008-2010 жж. — «Нұр Media» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары 2011-2013 жж. — «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті. 2014 ж. — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры. 2014-2017 жж. — «КазБизнесМедиа» қоғамдық қорының президенті. 2017-2021 жж. — «ҚазАқпарат» ХАА ЖШС бас директоры. 2021–2022 жж. — Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі. 2022 ж. — Ақпарат және қоғамдық даму министрі. 2022–2026 жж. — Президент жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінің» директоры.Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры лауазымынан босатылды 2026 жылдан бастап — Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының кеңесшісі.Асқар Омаров жаңа қызметке тағайындалды
Сілтемелер Асқар Омаров ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды
Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан ақпарат министрлері