Синюха – Үбі жотасының орта бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы жəне Риддер қалалық әкімдігіне қарасты аумақта орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1962 м. Батыстан оңтүстік-шығысқа шамамен 16 км-ге созылған, енді жері 7–8 км. Беткейі тіктеу бірнеше жоталардан, пішіні күрделі аңғарлардан тұрады.

Геологиялық құрылымы Геологиялық құрылымы кристалды тақтатас, əктас, граниттен түзілген.

Өсімдігі Етегін дала өсімдіктері, 1000 м-ге дейінгі беткейін шыршалы-самырсынды орман алып жатыр. Одан жоғарғы белдеуі жалаңаштанған. Таудан Солүстік Үлбі, Бутачиха, Тихая, Журавлиха өзендерінің көптеген салалары бастау алады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Глубокое ауданы таулары Санат:Риддер қалалық әкімдігі таулары