Сарыоба – Қараоба шоқысының (606 м) солтүстік-батысында, Шошқакөл көлінің шығысында 18 км жерде орналасқан шоқы.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 549 м, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 10 кмге созылған, енді жері 8 км. Күрделі пішінді шоқының төбесі тіктеу келген. Беткейлері көлбеу келген. Олар сай-жыралармен тілімденген. Сыртқы өзеніне қарасты шығыс беткейі біршама тіктеу. Одан шағын бұлақ көздері бастау алады.
Өсімдігі Бұта аралас қоңыр топырақ жамылғысында бетегелі-жусанды боз дала ландшафтысы қалыптасқан. Шоқы етегінде бірнеше қыстау (Жұмабай, Жұмабай-Қарасу, т.б.) орналасқан. Алабы мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы таулары