Қаратөбе – Алтынемел жотасының батысындағы тау.

Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылының оңтүстік-шығысында 12 км жерде, Быжы өзенінің аңғарында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1108 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 2 км-ге созылған, енді жері 1 км шамасында. Сол беткейі тіктеу, оңтүстігіне қарай еңістеніп, жазыққа ұласады.

Өсімдігі Сұр қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, көкпек, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер мен бұталар өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Кербұлақ ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы