Сиректау – Ай жəне Қарақол өзендерінің аралығындағы тау.

Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданы Шолпан ауылының батысында 9 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 592 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км-ге созылған, енді жері 5 км. Беткейі көлбеу тізбектелген шоқылардан тұрады. Таудың түпкі жыныстары жалаңаштанған. Етегінде Кішкене Жарыққұдық, Жарыққұдық, Айнабұлақ, т.б. бұлақтар бар.

Өсімдігі Таудың күлгін топырағында селеу, бетеге, жусан, тау аңғарларында бұталы өсімдіктер өседі. Атырабы шабындық жəне мал жайылымы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Үржар ауданы таулары