Қуадыр – Теңіз көлінің оңтүстік-батысындағы шоқылы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 477 м. Батыстан шығысқа қарай 3,5 км-ге созылған, енді жері 2 км. Беткейі көлбеу, таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Шат, шығысында Қарақойың қыстаулары, батысында Камень төбесі, оңтүстігінде Үшбас тауы орналасқан.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, қоңырбас, итмұрын, тобылғы, қараған, т.б. өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары