Футзалдан УЕФА чемпиондар лигасы – бұл жыл сайынғы еуропалық клубтық футзал турнирі, оны Еуропалық Футбол Ассоциациялары Одағы (УЕФА) ұйымдастырады. Бұл жарыс 2001 жылы футзалдан УЕФА кубогы ретінде бастау алып, 1984 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Еуропа клубтары чемпионатының орнын басқан. Турнирдің алғашқы финалы Лиссабонда өткізілді және бір ойында ойналды. Келесі төрт маусымда финал екі ойын форматында өткізілді.

Тарихы

1984 – 2001 – Футзалдан Еуропа клубтарының чемпионаты (Futsal European Clubs Championship) 2001 – 2018 – Футзалдан УЕФА кубогы (UEFA Futsal Cup) 2018 – қазіргі уақытқа дейін – Футзалдан УЕФА чемпиондар лигасы (UEFA Futsal Champions League)

Маусымдар Турнир 1984 жылдан бері өтіп келген Еуропа чемпиондарының турнирінің жалғасы болып есептеледі.

2001 жылы УЕФА футзал кубогының ресми форматы бекітілді.

2006-07 маусымнан бастап, жеңімпаз төрт команданың қатысуымен өткізілетін финалдық турнир арқылы анықталады.

2018/2019 маусымынан бастап турнирдің атауы мен форматы жаңарып, УЕФА футзал чемпиондар лигасы деп атала бастады. Сол маусымның финалдық кезеңі 2019 жылдың сәуір айында Алматы қаласында өтті. Финалда алаң иелері «Қайраттан» бөлек Испанияның «Барселонасы», «Интері» және Португалияның «Спортингі» сынға түсті.

Клубтық футзал Еуропада кеңінен дамыған спорт түрі. УЕФА футзал кубогының алғашқы ресми жарысына дейін тоғыз бейресми еуропалық клубтық турнир өткен. Бұл додаларда үнемі алаң иелері – Испания, Ресей және Италия өкілдері жеңіске жетіп отырды. Мәскеулік Динамо үш рет жеңімпаз атанды.

2001/02 жылғы маусымда алғашқы ресми УЕФА футзал кубогы өтті. Финалдық кезең ақпанда Лиссабонда ұйымдастырылып, құрлықтың үздік сегіз клубы бақ сынады. Шешуші ойында испандық Плайас де Кастельон бельгиялық Аксьон-21 клубын жеңіп, алғашқы чемпион атанды.

Келесі маусымда финал екі матчтан тұрды. Қайтадан осы екі команда – Кастельон мен Аксьон-21 – шешуші кездесулерде жолықты. Испандық клуб тағы да жеңіске жетіп, қатарынан екінші рет кубок иегері атанды.

2003/04 маусымында турнирге 32 елден 33 команда қатысты. Трофей тағы да Испанияда қалды – бұл жолы Интер клубы финалда португалиялық Бенфиканы 7:5 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

2004/05 маусымында испан клубтарының үстемдігіне нүкте қойылды. Бельгияның Аксьон-21 клубы кубокты жеңіп алды. Финалдың бірінші матчында бельгиялықтар Мәскеудің Динамосын 4:3 есебімен ұтты, ал қарымта ойында 6:6 есебімен тең түсті. Жалпы есеп – 10:9, жеңіс Бельгия клубына бұйырды.

2005/06 маусымында 34 клуб қатысты, ал турнир форматы аздап өзгерді. Екінші іріктеу кезеңінде топ жеңімпаздары жартылай финалда өз топтарында екінші орын алған командалармен кездесті. Нәтижесінде Интер мен Динамо финалға шықты. Испандық клуб өз алаңында 6:3 есебімен жеңіп, сырт алаңда 3:4 есебімен ұтылса да, жалпы есеп 9:7 есебімен кубок иеленді.

2006/07 маусымында рекордтық 40 клуб бақ сынады. Интер, Динамо, Аксьон-21 және Мурсия клубтары финалдық кезеңге өтті. Испанияда өткен Төрттік финалда Мурсия өз жерінде финалға өте алмай, жартылай финалда Интерден жеңілді. Ал финалда Мәскеудің Динамосы Интерді 2:1 есебімен ұтып, чемпион атанды. Үшінші орын Мурсияға бұйырды.

2007/08 маусымында қатысушылар саны 44 командаға жетті. Аксьон-21 алғаш рет турнирге қатыса алмады. Финалдық төрттікке Динамо, Мурсия, Қайрат және дебютант – екатеринбургтік ВИЗ-Синара шықты. Финал төрттік Мәскеуде өтті. Қайрат жартылай финалда ВИЗ-Синарадан 1:4 есебімен ұтылып, үшінші орын үшін матчта Динамодан 0:5 есебімен жеңілді. Ал финалда екатеринбургтік клуб испандық Мурсияны пенальти сериясында 3:2 есебімен ұтып, тұңғыш рет кубок иегері атанды.

2008/09 маусымында тағы да 44 команда бақ сынады. Финалдық кезең Екатеринбургте өтті. Интер, Динамо, ВИЗ-Синара және Қайрат үздік төрттікті құрады. Интер жартылай финалда Қайратты 5:0 есебімен ұтты, ал ресейлік финалда Интер тағы да мықтырақ болып, ВИЗ-Синарды 5:1 есебімен жеңіп, үш дүркін чемпион атанды. Қайрат үшінші орын иеленді.

2009/10 маусымында финал Лиссабонда өтті. Қатысушылар – Бенфика, Интер, Араз және Лупаренсе. 9 400 көрермен қатысқан финалда Бенфика Интерді 3:2 есебімен қосымша уақытта жеңіп, алғаш рет кубок иегері атанды.

2010/11 маусымының финалы Алматыда өтті. Қайраттың алаңында Бенфика, Спортинг, Араз және италиялық Монтесильвано ойнады. Итальяндық клуб финалда Спортингті 5:2 есебімен жеңіп, өз тарихындағы алғашқы кубокты иеленді.

2011/12 маусымында кубок Испанияға қайта оралды. Барселона алғашқы қатысуында-ақ өз алаңында өткен турнирде жеңіске жетті. Каталондар жартылай финалда Спортингті 5:1 есебімен, ал финалда Мәскеудің Динамосын 3:1 есебімен ұтты.

2012/13 маусымында финал Тбилисиде өтті. Бұл жылы қазақстандық Қайрат сенсация жасады. Жартылай финалда Қайрат Барселонаны 5:4 есебімен, ал финалда Динамоны 4:3 есебімен жеңіп, алғаш рет кубок иегері атанды.

2013/14 маусымында Барселона қайтадан чемпион атанды. Бакуде өткен финалда каталондар Мәскеу Динамосын 5:2 есебімен ұтып, екінші рет кубок иеленді. Үшінші орын жергілікті Аразға бұйырды.

2014/15 маусымында кубок қайтадан Қайратқа оралды. Финалда алматылықтар Барселонаны 3:2 есебімен жеңіп, екінші мәрте жеңімпаз атанды. Бұл жарысқа 12 мыңнан астам көрермен қатысты.

2015/16 маусымында Ресейлік Газпром-Югра дебютінде-ақ УЕФА кубогын жеңіп алды. Финалда олар Интерді 4:3 есебімен жеңіп, тарихтағы үшінші ресейлік клуб болды. Бенфика үшінші орын иеленді.

2016/17 маусымында Интер төртінші рет кубок иеленіп, тарихтағы рекорд орнатты. Алматыда өткен финалда испандықтар Спортингті 7:0 есебімен жеңді. Бұл – финал тарихындағы ең ірі есеп. Қайрат үшінші орын алды.

2017/18 маусымында Интер қайтадан Спортингті 5:2 есебімен жеңіп, қатарынан екінші рет кубок иеленді. Үшінші орын Барселонаға бұйырды. Бұл соңғы УЕФА кубогының маусымы болды – келесі жылдан бастап турнирдің атауы өзгерді.

2018/19 маусымында турнир жаңа атаумен өтті – УЕФА футзал чемпиондар лигасы. Португалияның Спортингі алғаш рет чемпион атанды, финалда Қайратты жеңіп шықты. Үшінші орын Барселонаға бұйырды.

2019/20 маусымында COVID-19 пандемиясына байланысты финал көрерменсіз өтті. Барселона өз алаңында Мурсияны 2:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Үшінші орынды ресейлік дебютанттар – КПРФ пен Тюмень өзара сарапқа салды, нәтижесінде КПРФ жеңіске жетті.

2020/21 маусымында пандемия салдарынан турнир форматы бір матчтық жүйеге өзгерді. Финал Хорватияның Задар қаласында өтті. Спортинг финалда Барселонаны 4:3 есебімен жеңіп, екінші рет кубок иеленді.

2021/22 маусымында финал Ригада өтті. Барселона мен Спортинг қайта финалда кездесті. Каталондар 4:0 есебімен жеңіп, төртінші рет чемпион атанды. Бұл маусымда алғаш рет француз клубы – Аньер-Вильнев финалдық кезеңге қатысты.

2022/23 маусымында жаңа чемпион пайда болды – испандық Пальма. Турнирдің финалы Майоркада өтті. Испандық клуб жартылай финалда Бенфиканы 4:3 есебімен, ал финалда Спортингті пенальти арқылы жеңіп, тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанды.

2023/24 маусымында Пальма өз титулын Ереванда қорғап қалды. Финалда испандық клуб Барселонаны 5:1 есебімен ұтып, қатарынан екі мәрте жеңімпаз атанды. Бенфика үшінші орынды иеленді.

2024/25 маусымында Пальма футзал тарихында алғаш рет үш дүркін қатарынан Еуропа чемпионы атанды. Францияның Ле-Ман қаласында өткен финалда испандықтар Қайратты 9:3 есебімен жеңді. Фабиньо финалда төрт гол соғып, рекорд орнатты. Қайрат жартылай финалда Картахенаны 3:2 есебімен ұтты, ал испандықтар Спортингті 3:0 есебімен жеңді. Үшінші орын Картахенаға бұйырды. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері + Футзалдан УЕФА чемпиондар лигасы (2001–2006)№ Маусым Жеңімпаз Есеп Екінші орын Жартылай финалда жеңілгендер12001–02 Плайас де Кастельон5–1 Аксьон 21 МНК Сплит; Спортинг22002–03 Плайас де Кастельон7–5 Аксьон 21 Прато; Интер32003–04 Интер7–5 Бенфика Аксьон 21; Плайас де Кастельон42004–05 Аксьон10–9 Динамо Эль-Посо; Интер52005–06 Интер9–7 Динамо Қайрат; Шахтер +Футзалдан УЕФА чемпиондар лигасы (2006–2025)№ МаусымЧемпионЕсепКүміс жүлдегерҮшінші орынЕсепТөртінші орын62006–07 Динамо2–1 Интер Эль-Посо1–0 Аксьон 2172007–08 Виз-Синара 4–4 (3–2 пен.) Эль-Посо Динамо5–1 Қайрат82008–09 Интер5–1 Виз-Синара Қайрат1–0 Динамо92009–10 Бенфика3–2 (қос.уақыт) Интер Араз3–2 Лупаренсе102010–11 Монтесильвано5–2 Спортинг Қайрат3–0 Бенфика112011–12 Барселона3–1 Динамо Марка Футзал4–3 пен. Спортинг122012–13 Қайрат4–3 Динамо Барселона4–1 Иберия132013–14 Барселона5–2 (қос.уақыт) Динамо Араз6–4 Қайрат142014–15 Қайрат3–2 Барселона Спортинг8–3 Дина Москва152015–16 Газпром-Югра 4–3 Интер Бенфика2–0 пен. Пескара162016–17 Интер7–0 Спортинг Қайрат5–5 (3–2 пен.) Газпром-Югра172017–18 Интер5–2 Спортинг Қайрат7–1 Дьор182018–19 Спортинг2–1 Қайрат Барселона3–1 Интер192019–20 Барселона2–1 Эль-Посо КПРФ3–1 пен. Тюмень202020–21 Спортинг4–3 Барселона—— Интер, Қайрат212021–22 Барселона4–0 Спортинг Бенфика5–2 Аньер Вильнев222022–23 Пальма1–1 (5–3 пен.) Спортинг Бенфика4–3 Андерлехт232023–24 Пальма5–1 Барселона Бенфика6–3 Спортинг242024–25 Пальма4–3 Қайрат Картахена3–1 пен. Спортинг +Клубтардың көрсеткіштері (Performance by team)КлубЧемпионКүміс жүлдеЧемпион болған жылдарФиналда жеңілген жылдар Интер532004, 2006, 2009, 2017, 20182007, 2010, 2016 Барселона432012, 2014, 2020, 20222015, 2021, 2024 Пальма302023, 2024, 2025— Спортинг252019, 20212011, 2017, 2018, 2022, 2023 Қайрат222013, 20152019, 2025 Плайас де Кастельон202002, 2003— Динамо Москва1520072005, 2006, 2012, 2013, 2014 Акцион 211220052002, 2003 Виз-Синара 1120082009 Бенфика1120102004Монтельсивано102011— Газпром-Югра102016— Эль-Посо02—2008, 2020Барлығы2424 +Медальдар (2001–2025)№ЕлАлтынКүмісҚолаБарлығы1 Испания14810322 Португалия366153 Ресей362114 Қазақстан22595 Бельгия12146 Италия10237 Әзірбайжан00228 Украина00119 Хорватия0011Барлығы (ел: 9)24243078Ескерту: жартылай финалға дейін жеткен командалар көрсеткіші «қола» үлесіне ішінара қосылған. +Барлық уақыттағы үздік сұрмергендер№ОйыншыКлуб(тар)Гол1 Рикардиньо Бенфика, Интер, ACCS Futsal, Рига602 Андре Вандерлей Акцион 21, Châtelineau Futsal543 Лучио Акцион 21, Иберия, Futsal Charleroi504 Виталий Борисов Баку, Олимпик, Араз, Экономак455 Сирило Динамо, Локомотив446 Диего Кавинато Спортинг437 Шумахер Интер418 Алекс Мартинс Акцион 21, Спортинг408 Арнальду Перейра Бенфика, Никарс, Баку Юнайтед408 Лео Консейсау Акцион 2140

Тағы қараңыз

Футзалдан Еуропа клубтарының чемпионаты (Futsal European Clubs Championship) Футзалдан Еуропа кубогы иегерлерінің кубогы (European Futsal Cup Winners Cup) Футзалдан Еуропа әйелдер турнирі (European Women's Futsal Tournament) Футзалдан әйелдер арасындағы УЕФА чемпиондар лигасы (ұсынылған) (UEFA Women's Futsal Champions League – Proposed) Футзалдан құрлықаралық кубок (Intercontinental Futsal Cup) Еуропалық университеттер футзал чемпионаты (European Universities Futsal Championships) УЕФА футзал чемпионаты (UEFA Futsal Championship) Футзалдан әйелдер арасындағы УЕФА чемпионаты (UEFA Women's Futsal Championship) футзалдан 21 жасқа дейінгі УЕФА чемпионаты (UEFA Under-21 Futsal Championship) футзалдан 19 жасқа дейінгі УЕФА чемпионаты (UEFA Under-19 Futsal Championship) Футзалдан Финалиссима (Futsal Finalissima) Футзалдан ерлер арасындағы UEFS чемпионаты (UEFS Futsal Men's Championship) Футзалдан әйелдер арасындағы UEFS чемпионаты (UEFS Futsal Women's Championship) Халықаралық футзал мастерс кубогы (International Masters Cup Futsal) Истрия футзал мастерс кубогы (ISTRIA Futsal Masters Cup)

Сыртқы сілтемелер

Ресми веб-сайт Футзалдан университеттер арасындағы Еуропа чемпионаты Әйелдер арасындағы футзалдан 6-шы Еуропалық турнир Әйелдер арасындағы футзалдан Еуропалық турнир + Футзалдан әйелдер арасындағы УЕФА чемпиондар лигасы Санат:УЕФА клубтық турнирлері Санат:Алфавит бойынша футзал турнирлері

Дереккөздер