Сарыалқа – Сарымсақты жотасының батыс бөлігіндегі тау массиві.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Белқарағай ауылының оңтүстігінде 5 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2931 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай 15 кмге созылған, енді жері 10 км. Беткейі тік, жоғарғы бөлігінен қарағанда суайрығы айқын байқалады, пішіні дөңгелек тəрізді келген. Тау гранит, тақтатас, құмтастардан түзілген. Батысынан Нарын, оңтүстік-шығысынан Путонная өзендері қар, мұздықтардан бастау алады.
Өсімдігі Таулы массивтің солтүстік беткейінде 1000-2300 м биіктікке дейін орман ағашы, ал солтүстік беткейінің төменгі бөлігінде жəне оңтүстік беткейінің альпілік белдеуіне дейін дала өсімдігі өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Катонқарағай ауданы таулары