Ватубелдер (балама атауы - Ватубела, Матубела) — Шығыс Индонезиядағы халықтардың бірі. Ватубель аралдарында тұрады. Амбон-Тимор халықтары халықтар тобына кіреді. Жалпы саны 3 мың адам.
Тілі Ватубеле тілінде сөйлейді. Гесер және индонезия тілдері де кең таралған.
Діні Діні бойынша суниттік мұсылмандар.
Тарихы VII ғасырдың аяғы-VIII ғасырдың басынан бастап XIV ғасырға дейін орталығы Суматра аралы болған Шривиджая мемлекетінің бөлігі болып табылады. XV-XVI жылдары Малукк Сұлтанатының құрамына кіргені де белгілі. 16 ғасырдың ортасынан бастап Ватубела аралы да Индонезияның архипелагтарының ішінде алдымен португалдықтардың, содан кейін келген голландтардың отарлау процесін бастан кешірді.
Кәсібі Негізгі кәсібі - саго өндіру және балық аулау. Олар егіншілікпен айналыспайды.
Өмір салты Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Елді мекендері жағалау бойына созылып орналасқан. Тұрғын үйлерінің қабырғалары мен төбелері саго пальма жапырақтарының кесінділерінен жабылған, қадаларда бекітілген.
Дәстүрлі киімдері Киімдері малайлық үлгідегі дәстүрлі киімдер, еуропалық және амбондық киімдер де дәстүрге енуде.
Дәстүрлі тағамдары Негізгі тағам - қайнатылған саго крахмалы, жаңа піскен және ашытылған балық, сагодан пісірілген өнімдер, қышқыл көкөніс және балық тұздықтары.
Дереккөздер
Санат:Индонезия этникалық топтары