thumb|100px|Қорғасын Pb|солға Қорғасын (; Pb) — элементтердің периодты жүйесінің IV–тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 82, атом массасы 207, 2.Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
Қорғасын өте ерте заманнан белгілі, одан жасалған тиын ақша, медальондар ертедегі Египет қазбаларынан көп табылған. Жер қыртысындағы мөлшері 1.6 07 %, ол жеке күйінде кездеседі. Ең маңызды кені– галенит– қорғасын жылтыры PbS; Қазақстандағы кендері Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда және Қарағанды облысында.
Қорғасын бос күйінде көкшіл-сұр түсті жұмсақ және ауыр металл, оңай балқиды. Қорғасынды өндіру үшін, оның рудасын алдымен байытады, одан шыққан концентратта 40–78% қорғасын болады. Концентраттағы қорғасын көбіне полиметаллургия әдісімен алынады.
Қолданылуы Қорғасын-өнеркәсіп пен техникада кең пайдаланылатын түсті металл.
Химия өнеркәсібінде қолданылуы Ол атмосферада коррозия және қышқылдар әсеріне төзімді болғандықтан, химиялық аппапатуралар (әсіресе, күкірт қышқылы өндірісі мен электрохимиялық өндірісте) жасауға қолданылады. Мысалы, күкірт қышқылы өндірісіндегі негізгі жабдықтар - камералар, шаю мұнаралары, астаушалар, құбырлар, мұздатқыштар, сорғы бөлшектері - бәрі қорғасыннан жасалады, әйтпесе қорғасынмен қапталады. Электролиз жүргізетін ванналар көбінесе қорғасынмен қапталады.
Қорғасын және висмут металлургиясы, авторы : Абланов А. ISBN 9965487812, 10-11 беттер, бас редактор: Ұ. Өмірзақова, көркемдеуші редактор: Ж. ҚасымхановЭлектротехникалық өнеркәсіпте қолданылуы Қорғасынның едәуір бөлігі кабель өндірісінде кабельдің сыртын қорғау үшін ерме жасауда қолданылады.
Қорғасынның көпшілігі жеңіл балқитын қорытпалар ретінде оның висмут, қалайы, кадмиймен қорытпасы түрінде электросақтандырғыш жасауға, ал мыспен, сурьмамен, қалайымен және мырышпен қорытпалары мәшине жасау және электротехника өндірісінде кеңінен пайдаланылады.
Қазіргі таңда қорғасынды көп пайдаланатын - аккумулятор өндірісі. Қорғасыннан аккумулятордың пластинкаларын дайындайды. Аккумулятор торларын қорғасын-сурьма қорытпасына қорғасын тотығын қосу арқылы жасайды. Дүниежүзінде өндірілетін қорғасынның үштен бірі осы салаға жұмсалады.
Өзге салаларда қолданылуы Қорғасын өзінің жоғары тығыздығына байланысты гамма-сәулелерді кідіртіп, өткізбейтін болғандықтан радиоактив сәулелерінен қорғануда, медицинада кең қолданылады.О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0Популярная библиотека химических элементов, М., 1977; Лебедев Ю.А., Второе дыхание марафонца, М., 1990.
Типографиялық қорытпалардың негізгі компоненттері мына металдар болып саналады - қорғасын, қалайы және сурьма. Кітап жасауда қорғасын ғасырлар бойы қолданылып келеді.
Қорғасын міндетті түрде хрустальдың құрамына кіреді. Қорғасынды шыны кедергісіз балқиды, оңай үрленеді, қырланады және өңделеді. Мұндай шынылар жарық сәулелерін жақсы шағылыстырады, оптикалық құралдарда кеңінен қолданылады. Глет (PbO) және сурик (Pb3O4) теледидарға кинескоп жасағанда қолданылады.
Медицинада қорғасын тұтқырлатқыш ауырсынуды және асқынуды басуға, рентгенотерапияда қызметкерлерді қорғау үшін қолданылады.
Қорғасын қорғасын әгін (PbCO3 * Pb(OH)2) алуда қолданылады. Мұндай әк өте жұғымтал және ауа мен судың әсеріне төзімді қабыршақ құрайды.
Дереккөздер
Санат:Химиялық элементтер Санат:Металдар Санат:Қорғасын