Жіңішкеқұм – Құланбасы тауының оңтүстік-батысында, Малайсары жотасының солтүстік-батысында жатқан құмды алқап.

Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданы жерінде.

Жер бедері Аумағы шағын. Іле өзені құмды екіге бөледі. Негізінен қырқалы құм төбелерден, арагідік құм шағылдардан құралған.

Өсімдігі Сексеуіл шоғырлары кездеседі. Шығысында Сасық бұлағы бар. Іленің сол жағалауында Ақтоғай қыстауы орналасқан.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Алматы облысы құмдары