Галеш — Иранның Гилан провинциясының оңтүстік-батысындағы таулы аймақтарда тұратын халық. Олар гилан халқының субэтникалық тобы болып есептеледі. Саны 40 мың адам.
Тілі Олар гилян тілінің диалектісінде сөйлейді.
Діні Галештердің көпшілігі шииттік мұсылмандар, бірақ дәстүрлі нанымдар да кең таралған.
Кәсібі Негізгі кәсібі – жартылай көшпелі мал шаруашылығы (ірі және ұсақ мал, оның ішінде зебу, жылқы). Қыста галештер ойпатқа қоныс аударып, онда отырықшы егіншілікпен айналысатын халықтың егістігінде мал жайып, жазда биік таулы жайлауларда егіншілікпен, омарташылықпен, жабайы жемістерді жинаумен де айналысады. Қолөнері – жүн маталар мен трикотаж бұйымдарын жасау (ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер бұйымдарына айырбастайды).Әлем халықтарының энциклопедиясы. Галештер http://www.etnolog.ru/people.php?id=GALS
Дәстүрлі баспаналары Жылы мезгілде олар тас үйлерде тұрады, қыста олар уақытша баспаналарла тұрады.
Дереккөздер
Санат:Иран этникалық топтары