Ақшоқы – Қойтас тауының оңтүстік сілемі.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстік-батысында орналасқан.
Жер бедері, өсімдігі Абсолюттік биіктігі 1148 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Тас көмір жүйесі жыныстарынан түзілген. Түпкі жыныстары ашылған таулық қызыл қоңыр топырағында бетеге, қараған, тобылғы, түрлі шөп өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары