Кирсово (, ) — Молдованың оңтүстігінде орналасқан Ғағауыз автономиялық аумақтық бірлігінің құрамындағы ауыл.Кирсово http://travellers.ru/city-kirsovo Где находится Кирсова, Молдова (Гагаузия), расположение на карте https://ru.needcalc.com/place/420174Chirsova https://www.keeptravel.com/ru/moldova/chirsova Кирсова на карте, Молдова https://ru.2markers.com/363454

Сипаттама Кирсово ауылы солтүстік ендіктің 36° 40′ 80″ және батыс бойлығының 46° 10′ 20″ қиылысында, Буджак даласының орталық бөлігіндегі Ялпуг өзенінің аңғарында орналасқан. Кирсово ауылынан Молдова Республикасының астанасы Кишинёвке дейінгі қашықтық 113 км, Ғағауызстан астанасы Комратқа дейін – 8 км.Кирсово https://chirsovo.md/istoria/

Жер бедері тегіс. Қара теңіз деңгейінен ең жоғары биіктігі - 240 метр. Топырағы сазды. Кирсово жері қара топырағымен әйгілі. Климаты континенттік. Қаңтардың температурасы -10°, ал шілдеде +25°. Ауылдан солтүстік-батысқа қарай бес шақырым жерде Кирсов өзенінің құрғақ арнасы бар, оның жайылмасында екі жасанды көл қалыптасқан. Олардың су беті 800 гектарды құрайды. Суды суару үшін пайдаланады.

Халқы нобай|солға|200px|Мәдениет үйі 2004 жылғы халық санағы бойынша ауылда 6861 адам тұрса, оның 49,05%-ы ерлер, 50,95%-ы әйелдер. Халықтың ұлттық құрамы: 48,48% - бұлғарлар, 45,59% - ғағауыздар, 2,29% - молдовандар, 1,73% - орыстар, 1,43% - украиндар, 0,13% - сығандар, 0,35% - басқа ұлттар.Кирсова, Гагаузия, АТО https://moldovenii.md/ru/city/details/id/1658

Тарихы Кирсовоның құрылуы деректерде әр түрлі мерзімдермен беріледі: 1791, 1811, 1812.КИРСОВО https://tochka-na-karte.ru/Goroda-i-Gosudarstva/16701-Kirsovo.html

1787-1792 жылдардағы орыс-түрік соғысының аяғында бұл аймақ ноғайлардың қолында болды. Молдавиялық зерттеуші Ион Дрон ауылдың негізі 1791 жылы қаланған деп есептеген. 1806 жылға дейін 37 қоныстанушы отбасы болды. Бірақ олар басқа ауылдардағы помещиктердің жерлеріне қоныстанды.

Кейбір зерттеушілер 1811 жылды дұрыс құрылған жыл деп есептесе, орыс авторы А.Скалковский 1830 жылды айтады. Расында, А.Скалковский орыс болгарлары туралы көлемді де құнды статистикалық және тарихи материал жинап, жариялаған алғашқы зерттеуші болды. «Бессарабия және Новороссийск аймағындағы болгар колониялары» кітабын жазды (I және II бөлімдер. Одесса, 1850 - 1853). Бұл кітапта ол болгарлардың қоныс аударуы, әрбір болгар ауылының іргетасы қаланған уақыты туралы жинақталған мәліметтерді жариялап, болгар отарларының жағдайының статистикалық нобайын келтірді. Өкінішке орай, бұл кітапта көптеген қателер бар (негізінен болгар ауылдарының негізін салу кезінде). Осылайша, Кирсово Скалковский атап өткендей 1830 жылы емес, Бухарест бітім шарты жасалғаннан кейін көп ұзамай құрылды. Александр I-нің 1819 жылғы 29 желтоқсандағы «болгарлар және басқа да қоныстанушылар» мәртебесін реттейтін жарлығында Кирсово Буджак ауданындағы ауыл ретінде көрсетілген.

Мұрағат деректерінің арқасында 1810 жылы Кирсовоға 10 қоныстанушы отбасы қоныстанғаны, оның 24-і ер, 29-ы әйел жандар екені белгілі. Бұл мерзімді «1816 жылғы Кирсов селосына қоныстанған болгарлар тізімі» растайды, онда жоғарыда аталған адамдар тобының 1810 жылы қоныстанғаны анық көрсетілген. 1817 жылы 11 Наурызда 18 отбасы Капаклиядан Кирсовоға қоныс аударды. Сол жылдың 11 мамырында Томай, Инжир және Капаклия ауылдарынан шыққан отбасылар тобы Кирсовода да қоныстанды. Нәтижесінде Кирсовоға тағы 37 отбасы қоныс аударды, олардың 103 - і ер адамдар, 97-і әйелдер.

1817-1819 жылдары Буджакты зерттеген орыс шенеунігі Корнилович «Кирсов колониясы алдымен Кирсов өзеніне қоныстанды, кейін 1821 жылы осы өзеннің оң жағалауында екі қатарда орналасқан Ялпуг өзеніне көшті. 1827-1829 жж. Кирсовоға 28 ер адам және 26 әйел жаннан тұратын тағы 15 отбасы қоныстанды. 1830 жылы болгарлар мен ғағауыздар Кирсового Болгарияның Котель қаласынан және Сливен ауданындағы Башкиой (Жеравна) ауылынан келген.Материалы по истории с. Кирсово http://klise.ru/index.php/2011-04-02-16-57-06/1449-2014-02-06-21-50-45

1857 жылы Кирсово шекаралық елді мекен болды. Бессарабия губерниясының Бендери уезінің Комрат болысының құрамында болды. Кейіннен - Румынияның (1918/40) және Молдавия КСР-нің (1944/91) бір бөлігі болды.

Инфрақұрылымы Ауылда 249 шаруашылық субъектілері тіркелген, оның ішінде: нобай|оңға|200px|Сауда орталығы 175 ауылшаруашылық кәсіпорны, 7 өнеркәсіп және қайта өңдеу кәсіпорны, 1 диірмен, 1 шағын наубайхана, 45 сауда кәсіпорны, 2 8 азық-түлік дүкені, 1 жанармай құю бекеті, т.б.

Кирсово кентінің аумағында әлеуметтік нысандар: 2 мектепке дейінгі мекемеДошкольные Учреждения И Детские Сады в Кирсово https://xn----8sbnadqrtzjid0d5cj.cybo.com/MD/%D0%BA%D0%B8%D1%80%D1%81%D0%BE%D0%B2%D0%BE/%D0%B4%D0%BE%D1%88%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B5-%D1%83%D1%87%D1%80%D0%B5%D0%B6%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F-%D0%B8-%D0%B4%D0%B5%D1%82%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B5-%D1%81%D0%B0%D0%B4%D1%8B/, 1 лицейТеоретический лицей им. М. Тузлова с. Кирсово https://guogagauzii.md/teoreticheskij-litsej-im-m-tuzlova-s-kirsovo, 1 гимназия,Гимназия имени Михаила Танасогло с.Кирсово http://gagauzschool.ucoz.ru/ мәдениет үйі,Дом культуры https://xn----8sbnadqrtzjid0d5cj.cybo.com/MD-biz/%D0%B4%D0%BE%D0%BC-%D0%BA%D1%83%D0%BB%D1%8C%D1%82%D1%83%D1%80%D1%8B_6I тарихи-өлкетану мұражайы,Историко-этнографический музей истории села Кирсово им. Иона Басс https://visitgagauzia.com/2020/09/07/%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%BE%D1%81%D1%82%D1%8C-1/ 4 кітапхана,Библиотеки в Кирсово https://xn----8sbnadqrtzjid0d5cj.cybo.com/MD/%D0%BA%D0%B8%D1%80%D1%81%D0%BE%D0%B2%D0%BE/%D0%B1%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B8/ сауықтыру пункті, православие шіркеуіСвято – Успенский православный храм, с.Кирсово https://econutag.md/svyato-uspenskij-pravoslavnyj-hram-s-kirsovo/ орналасқан.Географическая справка с. Кирсово https://www.gagauzia.md/ru/administracziya-regiona/primarii/primariya-s.-kirsovo.html

Дереккөздер

Санат:Молдова елді мекендері Санат:Ғағауызстан елді мекендері