Шилі – Обаған өзені алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Әулиекөл ауданы жерінде орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 7 – 16 км2, су жиналатын алабы 613 км2. Жағалауы тегіс, жайпақ, тек шығыс жағалауы тіктеу, жарқабақты келген (биіктігі 3 м). Суы ашқылтым (2 – 5 г/л). Көлге ұзындығы 46 км өзімен аттас Шилі өзені құяды. Көл суын аудан шаруашылықтары пайдаланады. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Обаған су алабы Санат:Әулиекөл ауданы көлдері