Ицзу (йи, й, ий) — Оңтүстік Қытайдағы халық. Сондай-ақ негізгі этникалық топқа жақын ұлттарды қамтиды: носу, аси, сани, ачже, лалоба. Жалпы саны 7,8 млн. адам. (2000 ж.санақ). Бірнеше Ицзу топтары солтүстік Вьетнамда (3,3 мың адам - (1999, халық санағы) және Лаоста тұрады. Негізінен Юньнань, Сычуань (Ляньшань аймағында), Гуйчжоу провинцияларында, Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында тұрады.

Тілі Тілі - ицзу, қытай-тибет отбасының тілі.

Діні Сенушілер – даошылар, конфуцийшілер, кейбіреулері дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанады.

Кәсібі Ицзулар егіншілікпен (жүгері, қарақұмық, күріш, бұршақ, таро) және мал шаруашылығымен (ірі және ұсақ мал, шошқа, жылқы), тауда аңшылық, терушілікпен айналысады. Керамика, тоқымашылық, ұсталық өнері дамыған.

нобай|оңға|200px|Ұлттық киім киген әйел. Өмір салты Отбасы шағын. Дәстүрлі отбасылық әдет-ғұрыптары - әмеңгерлік, әйелді сатып алу және алып қашу.

Дәстүрлі баспаналары Елді мекендері күзет мұнараларымен қоршалған төбесі бар 8-10 ағаштан немесе сиректеу тастан жасалған үйлерден тұрады.

Дәстүрлі киімдері Ерлер шалбар, күртеше, жүннен тоқылған ұзын шапан (чарва), тақия, әйелдер – жүн белдемше мен күрте, мереке күндері – ою-өрнекті алжапқыш, иығына лента тағып жүреді, киімдерінде қара түс басым. Күміс сырғалар мен білезіктер жиі кездеседі.

Дәстүрлі тағамдары Негізгі тағамы – ет қосылған жарма, көкөніс, бұрыш, тандыр нандар, қырыққабат қосылған сорпалар. Сусыны - сүт, май және тұз қосылған шай.

Дереккөздер

Санат:Қытай этникалық топтары